Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақстан МАГАТЕ ҚР территориясында ядролық отынның халықаралық банкін орналастыру туралы шешімді қабылдайды деп үміттенеді — ИЖТМ

Дата: 09 февраля 2011 в 15:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Астана. 9 ақпан. ҚазТАГ — Айгүл Түлекбаева. Қазақстан өз территориясында ядролық отынның халықаралық банкін орналастыру туралы МАГАТЕ-ге өтініш берді, деп индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Дүйсенбай тұрғанов мәлім етті.

Бұл ретте ол, ядролық отынның халықаралық банкі ядролық отынды емес, оны өндіретін алғашқы материалды сақтауды қарастырады, дейді.

«МАГАТЕ өткен айда біздің өкілімізді тыңдады: біз еліміз туралы мәліметтерді бердік. Сәуір айында МАГАТЕ ядролық отын банкі орналасатын елдердің критерилерін жариялаулары тиіс. Шілдеде қорытынды шығарып, жыл соңына қарай, күзде таңдап алынған елмен келісімге отыруы керек», — деді Д. Тұрғанов сәрсенбі күні мәжілістің алқа отырысында, депутат сауалдарына жауап беріп.

«Мүмкіндіктер туралы айту қиын. Себебі біздің мәліметтерімізше, оған өтінішті Ұлыбритания мен басқа да бірқатар мемлекеттер беріп отыр», — деп жалғастырды ол.

Вице-министрдің айтуынша, еліміздің халықаралық сахнадағы беделінің жақсы екендігі, уран өндірісінен еліміздің әлемде бірінші орында екендігі, табиғи уран қорынан дүниежүзінде екінші орында екендігі, сондай-ақ ядролық материалдарды сақтайтын орындарының барлығы біздің пайдамызға қаралуы мүмкін.

«Мүмкіндігіміз жаман емес сияқты», — деп есептейді Д. Тұрғанов. Ол сондай-ақ аталған бастама қаржылық тұрғыдан «ешнәрсе бермейді», есесіне, саяси тұрғыдан «қандай да дивиденттер болады» дейді.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы