Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Мәжіліс ядролық материалды физикалық қорғау туралы конвенцияға түзетуді мақұлдады

Дата: 09 февраля 2011 в 15:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Астана. 9 ақпан. ҚазТАГ — Елена Преображенская.ҚР парламенті мәжілісінің депутаттары сәрсенбі күні пленарлық отырысында «Ядролық материалды физикалық қорғау туралы конвенцияға түзетуді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

«Түзету ақпаратты берген конвенцияға қатысушы-мемлекеттің келісімінсіз үшінші жаққа конфеденциалды ақпаратты беруге тыйым салады. Сондай-ақ, айыпты тұлғалардың жауапкершілігі қарастырылған бұзушылықтардың тізімі кеңейтілді. Тізімге ядролық материалдың контрабандасы, ядролық қондырғыға қарсы диверсия, бұзушылықтарды жасауды ұйымдастыру және қолдау көрсету енгізілді», — деп мәлім етті индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов заң жобасын депутаттарға таныстыру барысында.

Оның айтуынша, түзетуге бейбіт мақсатта пайдаланылатын ядролық материалға немесе ядролық қондырғыларға қарсы күш немесе қауіп қолдануға жол береді деп түсінуге тыйым салатын тұжырымдама енгізілген.

Сонымен қатар, түзетумен енгізілген жеке бапқа сәйкес, конвенция ядролық технологияларды бейбіт мақсаттарға беруге кедергі жасамайды.

Палатаның салалық комитетінің қорытындысына сәйкес, түзету ядролық материалды физикалық қорғауды қамтамасыз ету, осы материалдың ұрлануының, ядролық қондырғыларға қарсы диверсиялардың алдын алу мен жолын кесу, осындай әрекеттердің теріс салдарын барынша төмендету мақсатында конвенцияға қатысушы-мемлекеттердің ынтымақтастық механизмін жетілдіреді және  атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің ядролық қауіпсіздікке қауіп төнген жағдайда ортақ үйлестіруші орталық ретіндегі ролін арттырады.

1979 жылдың 26 қазанындағы ядролық материалды қорғау туралы Конвенция ядролық қызметтің физикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін негізін қалаушы әмбебап халықаралық келісім болып табылады.

Қазақстан конвенцияға 2004 жылдың 22 желтоқсанында қосылды.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы