Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Уәлихан Қайсар: «Әннен басқасының бәрін айттым»

Дата: 09 февраля 2011 в 17:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Уәлихан Қайсар: «Әннен басқасының бәрін айттым»

Президенттік сайлауға үміткер болып тіркелген Уәлихан Қайсар мырза кеше Мырзатай Жолдасбеков төрағалық етіп отырған лингивисткалық комиссияның сынағынан құлап қалды. Қазақ тілінің қажеттілігі мен пәрменділігі дараланып шыға келетін сайлау қарасаңында сынақтан өтпей сүрінген Қайсар мырзамен аз-кем сұхбат жасап үлгердік.

-Мемлекеттік тілден емтихан алатын комиссияның сынынан қандай жағдаймен өтпей қалып жүрсіз? Өзіңіз ана тілдің уызына жарып өскен азаматсыз ғой...

— Мен олардың шығарған шешімімен мүлдем келіспеймін. Өйткені, олар мені тек қана лингивистикадан ғана емес, қосымша тарихтан, әдебиеттен, философиядан, спорттан сұрақтар қойып тексерді. Менің тек оларға ән айтуым беруім ғана қалды. Қалғанының бәрін тексеріп көрді. Меніңше, олар өздерінің алдына қойған мақсаттарынан тыс кетті. Негізі комисссия құрамы менің қазақ тілінде сөйлейтінімді, ойымды жеткізе алатынымды тексеруі керек болатын. Бірақ олар менің салауатты өмір салтынан хабарым бар ма, жоқ па соны тексерді. Сосын мен позициямды айттым.  Спорт саласындағы жағдайға қатысты өз наразылығымды жеткіздім. Қазақстан спортшыларының арасында өзіміздің қазақтың қара көздері неге аз?!. Жарайды, орыстар бар. Олар болсын. Неге спортшыларымыздың дені кілең шетелден жалдап алған спортшылар? Мен осының бәрі  дұрыс емес екендігіне тоқталдым. Ауылдағы қазақ баласын жинап, солардың арасында ұлттық спорттың дамуына жағдай жасау қажеттігін айтып өттім. Алайда, комиссия менің бұл ойларыммен келіспеді. Содан кейін: «Қазақстанның дүниежүзіндегі орны қандай, қандай халықаралық ұйымдар бар», деген сауал қойды. Оны да айттым. Бірақ олар: «Дүниежүзінде қандай халықаралық ұйымдар бар екенін толық айтқан жоқсыз», — деді. Енді ол тілге байланысты нәрсе емес, ой, өрісіме байланысты дүние ғой.  Әрине, мен оны да айтар едім. Бірақ, олар менің айтқан сөзімнің  мағынасына мән берді. Мұнымен де мүлде келіспеймін. Сосын орта ғасырдағы қазақтың хандық тарихынан сұрақ берді. Қандай хан болды? Қандай хан болған жоқ? Кіммен соғысты? Енді бұл дұрыс емес қой.

— Сіздің тілді білетін әм білмейтініңізге хандар тарихының қажеті қаншалықты қажет бола қалды екен?

— Соны айтамын. Оның қандай қатысы бар?! Мырзатай Жолдасбеков кеше өзінің шешімін жария еткен кезде «ананы айта алмады, мынаны айта алмады. Хандардың атын білмеді» деді. Мұның лингивистикаға ешқандай байланысы жоқ қой. Бірақ олар менің қазақша сөйлей алатынымды біліп, өздеріне берілген саяси тапсырманы орындай алмасын сезген соң, басқа сұрақтарды бере бастады. Сосын «Қандай классиктерді оқисыз?» деген сұрақ қойды. Мен өзім оқыған классик жазушыларды айттым. Олардың ойынша, басқа классиктерді оқу керек екен. Бұл тіптен дұрыс емес. Жазған шығармаңыздың стилі басқаша дейді. Әр адамның өзінің жазу стилі болады емес пе?! Әр әншінің, жазушының, ақынның өз стилі бар. Олар менің стиліммен келіспесе, өздерінің кінәлары. Мысалы, Мырзатай Жолдасбековтің «Елтұтқа» деген кітабы бар. Ол да менің көңілімнен шыққан жоқ.

— Сонда президенттікке кандидаттар оқуға тиісті классиктер мен арнайы бекітілген жазу стилі бар деп отыр ма?

— Иә, солай. Енді мені құлату үшін бір себеп табу керек болды ғой. Қазақ тілін білетіндігімнен ілік таппады. Кеше орталық сайлау комиссияна барып, лингивистикалық комиссияның шешімінің көшірмесін және шығарманың көшірмесін беріңіздер дедім. Алла жазса, ертең жоғарғы сотқа барамын.

Елдің Тәуелсіздік алғанына жиырма жыл толды. Біз сияқты советтер одағынан Тәуелсіздік алған Балтық жағалауының кейбір елдері коммунистік өкіметке қызмет еткен, сол қызық партияның мүриті болғандарды түгелдей билік басынан кетіріп, жаңа азаматтар әкелді. Ал, бізде басқа-басқа президент сайлаудың мемлекеттік тілден сынақ алатын комиссияның төрағасының өзі кешегі коммунистік режимге қызмет қылған ақсақал адам. Неге оған жас, жаңа көзақарастағы адам қоймады деп ойлайсыз?

— Меніңше, оған себепкер бір-ақ адам болып тұр. Ол — біздің президентіміз. Оның өзі бұрынғы коммунист және сол өкіметтің тұсында лауазымды қызметтер атқарған. Сондықтан, қазіргі мемлекеттік органдардың билігін бұрын бірге істеген адамдарға беріп отыр. Ал, сіз айтып отырған елдер коммунистерді биліктен аластап, енді оларды мемлекеттік қызметке жолатпау туралы заң қабылдаған.

— Бұған дейінгі президент сайлауына және осы жолғы сайлауға да ел білмейтін адамдар  түсіп жатыр. Бұл неліктен?

— Бүгінгі биліктің маңындағылар   халық қолдайтын тұлғаларды сайлауға жолатпайды.  . Сондай саясатпен жасалып жатқан нәрсе ғой. Қазіргі президентке балама бола алмайтын елге бейтаныс адамдарды тіркеу керек. Содан кейін ертең дүниежүзіне бізде сайлау демократиялы түрде өтті деп жариялау керек.

— Отбасыңызда қазақша сөйлесесіздер ме?

— Менің бір ұл, бір қызым бар. Екеуі де қазақ балабақшасына барған. Қазір қазақ мектебінде оқиды. Үйде де, түзде де қазақша сөйлеседі.

Жоғарыдағы сөзіме қосып айтарым,  мен  «Қазақстанның болашағы бүгіннен басталады» деген тақырыпта шығарма жаздым. Шығармамда мен  Қазақстанның болашағы бағы заманнан басталғанын, кешегі бабаларымыздың болашағы біз екенімізді, біздің және мемлекетіміздің болашағы бүгінгі жастар екеніне тоқталдым. Алайда, комиссия Қазақстанның болашағы бүгіннен басталады дегенінен танбай отырып алды.

— «Болашақ бүгіннен басталады» деген сол шығармаңызды бізге бере аласыз ба?

— Бере аламын, сәл күте тұрыңыздар.

-Әңгімеңізге рахмет!

«Абай-ақпарат»

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы