Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Депутат: Қазақ тілдегі веб-ресурстар дамытылмаған

Дата: 09 февраля 2011 в 19:11 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Депутат: Қазақ тілдегі веб-ресурстар дамытылмаған

Депутат: Қазақ тілдегі веб-ресурстар дамытылмаған

Мемлекеттік тілдегі интернет-ресурстарды дамытуға көп көңіл бөлінсе игі. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған депутат Мұрат Әбенов осылай мәлім етті.

«Бүгінгі заман — ақпарат пен интернет заманы. Үкімет бұл бағытта аз жұмыс атқарған жоқ. Алайда, мені толғандырып отырған мәселенің бірі — қазақ тіліндегі интернет-ресурстардың жайы. Соңғы жылдары ана тіліміздегі веб-сайттардың саны да, сапасы да артып келеді. Қазақтілді қолданушылардың да саны өсуде. Алайда өздеріне қажетті ақпаратты іздеушілер көптеген жағдайда орыс тіліндегі веб-сайттарды ақтаруға, ондағы ақпараттарды аударуға мәжбүр екені ешкімге де жұмбақ емес», — деді депутат.

Оның айтуынша, қазір бүкіл әлемде интернеттің дамуына барынша жағдай жасалған. Мәселен, әлем елдерінде энциклопедиялық ресурстар мен сөздіктер виртуалды торға көшірілуде. Ал бұл бағытта қазақ тілінде атқарылып жатқан шаралар көңіл көншітпейді.

«Мәселен, бүгінгі күні белгілі бір ғылым саласы немесе тарихи деректі іздеу үшін екінің бірі «Википедия» сайтына жүгінеді. Осы саладағы озық саналатын бүкіләлемдік «Википедия» энциклопедиясында 278 тілдегі 17 млн. 493 мың 205 мақала бар екен.

Оның 3,5 млн-нан астамы ағылшын тілінде. Орыс тіліндегі мақалалар саны 640 мың 191.

Ал қазақ тіліндегі деректі мақала 7 мыңға да жетпейді. Тіпті түркі тілдес мемлекеттер ішінде интернетті шектеп ұстайтын өзбектерден де қалып тұрмыз. ТМД елдері арасындағы орнымыз да өте төмен», — деді депутат.

Ал қазақ тіліндегі деректі мақала 7 мыңға да жетпейді

Бұдан бөлек, депутат қазақ тілінде кәсіби, деректі, әмбебап, ғылыми тұрғыдан мінсіз, қамтылуы мен тұрақты толығуы талапқа сай толыққанды веб-энциклопедия жоқ екендігін алға тартты.

«Бұл жағдай елдігіміз бен егемендігімізге сын емес пе? Неге қазақтілді тұтынушылар өзге елдің веб-ресурсына тәуелді болуы керек?», — деген М. Әбенов, аталған мәселелерге қатысты Үкіметке өз ұсынысын жолдады.

По сообщению сайта Nur.kz