Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақстан әртістері Францияның патша сарайында өнер көрсетті

Дата: 10 февраля 2011 в 08:52 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қазақстан әртістері Францияның патша сарайында өнер көрсетті

Қазақстандық музыканттарға Версаль қол соқты.

Біздің артистеріміз алғаш рет Франция президенті Николя Саркозидің қолдауымен қайырымдылық шарасы аясында Францияның атақты патша сарайында өнер көрсетті.

Версаль сарайы сән-салтанатымен әйгілі. Француз патшаларының резиденциясы ХIV Людовик кезінен қайырымдылық кештерін өткізетін орынға айналған. Париждегі Версаль сарайындағы қайырымдылық кешіне қатысушылар 1 билетке 10 мың еуро төлеп, қатерлі ісік ауруларын емдеуге үлес қосты. Осы бір әдеттен тыс қабылдауда өнер көрсету құрметі қазақстандық музыканттардың үлесіне тиген.

Айман Мұсақожаева және Айдар Торыбаев дирижерлік еткен «Солистер академиясы» мемлекеттік камералық оркестрі жұртшылықты тәнті етті.

Қонақтардың көбі Қазақ музыкасымен алғаш танысқанмен, озық өнерді құрметтеген жұртшылық біздің әртістерге орындарынан тұрып, ду қолшапалақтаумен болды.

Давид Хайят, Франция ұлттық онкология институтының президенті:

— Ғажайып оркестр! Айман Мұсақожаева керемет! Бүгін біздің 800 қонағымыз қазақстан музыканттарының жоғарғы деңгейіне тәнті болды.

Доминики Тонелли, Франция:

— Скрипкашының өнеріне шексіз тәнті болдым. Бұл ғажап! Қазақстандық музыкалық тосынсый үшін енді бұл кеш есімде ұзаққа сақталады.

Музыкадан қандай ләззат алғанымды сөзбен айтып жеткізе алмаспын!

Реми Ле Фур, Франция:

— Кей концерттер іш пыстырады. Ондайда біз сарайдың ішін аралап, картиналарды тамашалайтынбыз. Ал бүгін жұртшылық назары тегіс қазақстандықтардың өнеріне ауды. Музыкадан қандай ләззат алғанымды сөзбен айтып жеткізе алмаспын!

Айман Мұсақожаева және «Солистер академиясы» мемлекеттік камералық оркестрі шекті аспаптарға арналған серенада, вальс, Чайковскийдің, француз композиторларының шығармаларын орындады. Концерт Интродукция және Рондо-каприччиозомен аяқталды.

Айман Мұсақожаева, ҚР Халық артисі:

— Бұл нағыз бақыт! Алғаш рет «Солистер академиясы» оркестрімен, шәкірттеріммен Версаль сарайында өнер көрсеттік. Акустикасы керемет капеллада, осындай жоғарғы қауымның алдында. Бұл залда концерттер сирек беріледі. Қазақстан әртістерінің бүгін осында өнер көрсеткеніне аса қуаныштымын.

Қазақ музыкасы концерті Версаль сарайының Мария Антуанетта ХIV Людовикпен неке қиған залда өтті. Патша бөлмелерінен өтіп, атақты Айна галереясына тап боласың. Мұнда біз қайырымдылық шарасының басты ұйымдастырушысының бірі Монако ханшайымы Каролин Мюратпен жолықтық.

Каролин Мюрат, Монако ханшайымы:

— Таң қаларлық оқиға! Шапель Рояль залындағы табысты өнер көрсету – қазақстандық дарындарды көрсетудің тамаша мүмкіндігі. Елдеріңіз рухани жағынан да бай екен. Мен Қазақстанды және оның тұрғындарын жақсы көремін!

 

По сообщению сайта Nur.kz