Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Оңтүстік облысынында бір айда алты оқушы өз-өзіне қол жұмсаған

Дата: 10 февраля 2011 в 10:50 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Оңтүстік облысынында бір айда алты оқушы өз-өзіне қол жұмсаған

Оңтүстік облысынында бір айда алты оқушы өз-өзіне қол жұмсаған

Оңтүстікте мектеп оқушылары арасында өз-өзіне қол жұмсау фактілері жиілеп кеткен. Бір ғана Сайрам ауданында қаңтар айының өзінде мектеп жасындағы 6 бала асылып қалды.

Олардың 5-ін аман алып қалу мүмкін болмады. Ал жергілікті билік пен мұғалімдер бұл мәселеге ата-аналарды кіналап отыр. Тақырыпты өңірлік тілшіміз Айнұр Ақбаева тарқатады.

Өзіне өзі қол жұмсап, көз жұмғандардың бірі 10-шы сынып оқушысы Надира. Оның өмірден баз кешуіне не себеп болғаны белгісіз. Қыздың жүріс-тұрысында айтарлықтай өзгеріс байқалмаған. Тіпті өмірге деген құштарлығы күшті еді дейді достары .

Дильфуза Рахымшейхова — марқұмның сыныптасы

«Мектепке келіп, жақсы бізбен сөйлесіп, пікірін бөлісіп жақсы жүрген еді. Мұндай іс әрекетке барғанын өзіміз де білмейміз. Себебі неде екенін».

Сынып жетекшісі де қыздың мінезінен оғаш қылық байқамапты. Керісінше ол қатардан қалмауға тырысып, мемлекеттік емтихандарға тыңғылықты дайындалып жүр еді дейді.

Шәкәрбану Расулметова — сынып жетекшісі

«Бұл оқушымыз білімі орташа момын, тесттерге дайындығы орташа еді. Арманы дизайнер болу еді. Өмірге қызығушылығы бар еді».

Сайрам ауданында балалар арасындағы суицидтің өршіп кетуі ата-аналарды да ұстаздарды да, қала берді жергілікті билікті де қатты алаңдатып отыр.

Мәселен, өткен жылы өңірде өз-өзіне қол жұмсаған жеткіншектердің саны 14 болса, биылғы бір айдың ішінде олардың саны 6-ға жетіп отыр.

Ең қорқыныштысы өзіне өзі қол жұмсайтындардың қатарында бастауыш сынып оқышылары да кездеседі. Өмірден баз кешкендердің ең жасы екінші сыныпта оқыған.

Сәуле Жарқынбекова — ОҚО білім басқармасы бастығының орынбасары

«Бүгінгі күннің өзінде 12 өзіне өзі қол жұмсау фактілері анықталды бізде. Осы ОҚО бойынша оның ішінде ең көбі Сайрам ауданында бізде 6 жағдай болса, Ордабасы ауданында екі жағдай, Мақтарал ауданында екі жағдай, Түркістан ауданында екі жағдай тіркеліп отыр».

Қазір осы оқиғалар бойынша ауданда арнайы комиссия құрылып, тексеру жұмыстары басталып кетті. Қазірдің өзінде комиссия суицидтің орын алуына көп жағдайда ата-аналар кінәлі деп отыр.

Бақытбек Танакөзов — Сайрам ауданы әкімінің орынбасары

«Біздің әзіргі бірінші болжамымыз бойынша мектеп ондай жанындағы жолдастарынан күш көрсету бопсалау болмағанын байқап отырмыз. Ал енді негізгі мәселенің бірі ата-аналарда болып отыр. Көп жағдайлар ата-анадан болған».

Ал енді негізгі мәселенің бірі ата-аналарда болып отыр

Дегенмен сайрам ауданында құрылған арнайы комиссия нақты қорытындыны 1 ай ішінде жарияламақ. Бірақ, онда барлық кінәні ата-анаға ысырып тастамай, мектеп мұғалімденің де жіберіп отырған кемшіліктері ашық айтылса игі.

По сообщению сайта Nur.kz