Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Футбол: Қазақстан-Беларусь 1:1

Дата: 10 февраля 2011 в 11:01 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

АСТАНА. 10 ақпан. ҚазАқпарат — Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Анталиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында кеше Беларусь құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, 1:1 есебімен тең түсті.

Бұл біздің команданың жаңа бас жаттықтырушы чех маманы Мирослав Беранектің қол астындағы алғашқы ойыны болды. Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, голды бірінші болып ойынның 45-минутында пенальтиден беларусьтар соқты. Авторы — Вячеслав Глеб. Біздің команданың тарапынан матч аяқталар тұста, яғни кездесудің 90-минутында Сергей Остапенко мергендігімен көзге түсті. Осылайша Қазақстан құрамасы жаңа бас жатықтырушының жетекшілігімен алғашқы кездесуін тең аяқтап отыр.

Айта кетейік, 2012 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан Германия, Түркия, Бельгия, Австрия және Әзірбайжан командаларымен бірге «А» тобында сынға түсуде. Осы іріктеу турнирі аясында жерлестеріміз бұған дейін 4 ойын өткізіп, соның барлығында жеңіліп қалды. Қазақстан құрамасы бірінші ойынында 2010 жылдың 3 қыркүйегінде елордада Түркияны қабылдап, 0:3 есебімен ұтылып қалса, содан кейін 6 қыркүйекте сырт алаңда 0:2 есебімен Австрияға есе жіберді. Ал, 8 қазанда болған үшінші матчта өз алаңында Бельгияға 0:2 есебімен ұтылды, 12 қазанда Астанада өткен матчта Германиядан, 0:3 есебімен ұтылды. Осылайша әлі бірде-бір ұпай еншілемеген жерлестеріміз өз тобында соңғы орында келеді.  Біздің команда іІріктеу турнирі аясындағы кезекті ойынын 26 наурызда сырт алаңда Германиямен өткізеді.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы