Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Норвегия теңізінен ығысқан циклон республиканың батысына жауын-шашын әкеледі – Қазгидромет

Дата: 10 февраля 2011 в 11:01 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Астана. 10 ақпан. ҚазТАГ — Норвегия теңізінен ығысқан кезекті циклон бейсенбі күні республиканың батысына жауын-шашын әкеледі. Онда қар жауып, көктайғақтанып, екпіндетіп жел соғады. Республиканың шығысындағы ауа райын антициклон айқындайды, деп «Қазгидромет» хабарлайды.

Бейсенбі күні Астанада ала бұлтты, жауын-шашынсыз, оңтүстіктен 9-14 м/с жел соғып, ауа температурасы -3-5 градус болады.

Алматыда да ала бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде тұман түсіп, 0-5 м/с жел тұрып, ауа температурасы 0+2 градус болады.

Метеоқызмет болжамынша, Қазақстанның солтүстігінде Қостанай облысында қар жауады, кей жерлерінде түнде, күндіз көптеген бөлімінде бұрқасындатып, 15-20 м/с жел соғып, екіпіні 23 м/с-қа дейін барады, ауа температурасы -4+1 градус, Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасын, 15-22 м/с жел тұрып, ауа температурасы -2-7 градус болады. Ақмола облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерінде бұрқасындатып, 15-22 м/с жел тұрып, ауа температурасы -3-8 градус, Павлодар облысында жауын-шашынсыз, ауа температурасы -5-10 градус болады.

Қарағанды облысында — аздап қар жауады, кей жерлерінде бұрқасындатып, 15-22 м/с жел соғып, ауа температурасы -3-8 градус, Шығыс Қазақстан облысында кейде бұрқасындатып, 15-22 м/с жел соғып, аздап қар жауады, күндіз жауын-шашынсыз, ауа температурасы -5-10 градус.

Республиканың оңтүстігінде Қызылорда облысында ғана аздаған жауын-шашын, кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақтанып, күндіз 15-20 м/с жел соғып, ауа температурасы +3+8 градус болады. Жамбыл облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақтанып, күндіз 15-20 м/с жел тұрып, ауа температурасы 0+5 градус, Оңтүстік Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, кейде тұман түсіп, ауа температурасы +3+8 градус болады.

Республика батысының барлық аумағында жауын-шашын болады деп болжануда. Ақтөбе облысында — қар жауады, кей жерлерінде бұрқасындатып, тұман түсіп, көктайғақтанып, 15-20 м/с жел соғып, ауа температурасы 0-5 градус, Батыс Қазақстан облысында — жауын-шашын, кей жерлерінде бұрқасындатып, тұман түсіп, көктайғақтанады, 15-20 м/с жел тұрып, ауа температурасы -3+2 градус болады. Маңғыстау мен Атырау облыстарында да жауын-шашын, кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрып, тұман түсіп, көктайғақтанып, ауа температурасы тиісінше +1+6 градус және -3+2 градус болады.

Жақын күндері Сырдария өзенінде, Төмен-Арық кәсіпорнының төменгі жағында сең бұзылуы жалғасады. Алматы облысының жекелеген өзендерінде мұзға байланысты су деңгейінің тербелуі байқалатын болады. Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген тау бөкетеріндегі өзендерінде су деңгейі көтеріледі. Республиканың солтүстік жартысының өзендерінде (Орал, Есіл, Нұра, Ертіс және т.б.) қысқы режим сақталады.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы