Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Теміртауда экстремистік мазмұндағы кітаптарды таратып, пайдаланғаны үшін 4 адамның үстінен сот жүріп жатыр

Дата: 10 февраля 2011 в 11:01 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қарағанды. 10 ақпан.ҚазТАГ — Теміртауда экстремистік мазмұндағы кітаптарды таратып, пайдаланғаны үшін 4 адамның үстінен сот амалы жабық режимде өтіп жатыр, деп хабарлады агенттікке Қарағанды облысының сотынан.

Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, айыпталушылардың ішінде Қарағандының 2 тұрғыны және ҚР әділет министрлігінің ҚАЖК АК-159/5 мекемесінде қамауда отырған 2 адам бар, бұларға ҚР ҚК 164 бабы (әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік және діни қастық тудыру), сондай-ақ, ҚР ҚК 233-1 бабы (терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға үндеу) бойынша айып тағылып отыр.

ҰҚК тергеушілері колонияда кісі өлтіргені және қарақшылық шабуыл үшін жаза өтеп жүрген екі адам өз таныстары — Теміртау және Қарағандының екі тұрғынынан Доку Омаров мен Саид Бурятскийдің үгіт-насихаттары жазылған бейнедискілер мен аудиокассеталар алып отырған, деп мәлім етті сот өкілдері.

«Тәркіленген дискілер сараптамаға жіберіліп, жазылған мәтінде әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, діни алауыздық пен қастыұ тудыруға бағытталған үндеулердің бар екені және экстремизм, терроризм және діни алауыздықты өршітуді насихаттау белгілері анықталған», — деп атап көрсетті сот органындағылар.

Олар сотталушылардың өз кінәларын мойындамай отырғандарын хабарлады.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы