Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақстанда ядролық отын банкі орналасуы мүмкін

Дата: 10 февраля 2011 в 12:11 Категория: Новости экономики

Қазақстанда ядролық отын банкі орналасуы мүмкін

Бұл туралы индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов мәжілістің жалпы отырысында мәлімдеді.

Қазақстан атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікке ядролық отын банкін өз аумағында орналастыру жөніндегі өтінішін жолдады. Аталған банкті орналастыру үшін МАГАТЭ-нің үміткер елдерге қандай талап қоятыны сәуір айында белгілі болмақ. Ал, күзде агенттік ядролық отын банкі орналасатын елмен келісім шартқа отырады.

Дүйсенбай Тұрғанов, ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі:

— Қазіргі таңда бізге белгілі ұлыбритания өз ұсынысын берген еді. Бірақ оларға қарағанда біріншіден табиғи уранды өзімізде өндіріп жатырмыз.

Жалпы, дүниежүзінде біздің ресуртарымыз, көлемі бойынша біз 2 орында келеміз, ал өндіру көлемі бойынша 2009-шы жылдан бастап 1 ші орында келеміз. Сондықтан мен ойлаймын, біздің шансымыз жоғары деп.

Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында депутаттар «ядролық материалды физикалық қорғау туралы конвенцияға түзетуді ратификациялау туралы заң жобасын қабылдады.

1979-шы жылғы Конвенцияға Қазақстан 2004-ші жылы қосылған. Бір жылдан соң конвенция аясын кеңейткен түзетулер енгізілді.

Олар негізінен ядролық материалды бақылауды күшейту, оның ұрланғаны үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

Бұған — құжат қабылданған уақыттан бері әлемде болған террористік актілерден кейін қауіпсіздікті күшейту қажеттілігі түрткі болған.

По сообщению сайта Nur.kz