Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Сауда желілерінің қазақстандық тауарларды дүкен сөрелеріне жеткізуден бас тартуға құқығы жоқ – Перуашев

Дата: 11 февраля 2011 в 06:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

ҚазТАГ — Айгүл Түлекбаева. «Сауда қызметін реттеу туралы» жаңа заңға сәйкес, сауда желілерінің сауда орталықтарының сөрелеріне қазақстандық тауарларды жеткізуден бас тартуға құқығы жоқ, деп есептейді «Атамекен» одағы» ұлттық экономикалық палатасының төрағасы  Азат Перуашев.

«Сауда қызметін реттеу туралы» заңда дискриминациялық шаралар енгізуге, сауда орталықтарының сөрелеріне қазақстандық тауарлардың қолжетімділігінен бас тартуға тыйым салынады деп жазылған. Осы заңмен қазақстандық тауар өндірушілердің мүдделері қорғалып отыр деп есептеймін», — деді А. Перуашев бейсенбі күні BNews.kz порталының студиясындағы on-line-конференцияда.

Ол өзі басқаратын палатаның аталған заңды жасау туралы бастама көтергендердің бірі болғанына баса назар аударды.

Заңға тоқталған ол Ресей мен Қазақстанның алкоголь өнімдерін өндірушілерінің арасындағы бәсекенің әділ еместігін жеткізді. А. ПеруашевРесей, Беларусь және Украина елдерімен салыстырғанда, Қазақстанда алкоголь жарнамасы тыйым салынғанын еске салды.

«Қазақстандықтардың 80%-дан астамы ресейлік телеарналарды, алкоголь жарнамасын көреді де, сауда орталықтары біреудің өнімін таңдайды. Біз парламентке бұл тыйымды алып тастау туралы өтініш жібердік. Арақ түрінде болмаса да, кезінде Қазақстан танымал болған шарап, коньяк түріндегі алкогольдің жарнамасы болса. (...) Бізге мынадай жауап қайтарды: тыйымды ала алмаймыз, Ресейлік Мемдумамен өздерінде (телеарналарда алкоголь жарнамасын — ҚазТАГ) тыйым салғанын келісіңдер. Нонсенс!», — деді А. Перуашев.

Оның айтуынша, сауда орталықтарында сөреге қазақстандық шараптың немесе коньяктың партиясын қою үшін «өндірушілерден ақшалай төлем алынатыны» анықталған.

Палата төрағасы реализаторлардың импорттық тауарлар үшін бірден ақша төлеп, ал қазақстандық тауар үшін бөліп төлеген жағдайлар бар екенін айтты.

«Дағдарыс қарсаңында біз қызық жағдайға тап болдық, ол кезде ірі сауда орталықтарының есіктері қазақстандық тауар өндірушілер үшін жабық болды», — деді ол.

А. Перуашев жаңа заң бұл жағдайды өзгертеді деген үміт білдірді.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы