Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Астана әкімі 16-шы жазғы және 7-ші қысқы Азия ойындарының жүлдегерлеріне пәтер кілттерін табыс етті

Дата: 11 февраля 2011 в 06:11 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

ҚазТАГ — Астаныәкімі Иманғали Тасмағамбетов 7-ші қысқы және 16-шы жазғы Азия ойындарының жүлдегерлерін құттықтап, оларға пәтер кілттерін табыс етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Қала басшысымен кездесуге 7-ші қысқы Азия ойындарының жұлдыздарынан басқа, Гуанчжоуда өткен 16-шы жазғы Азия ойындарының жүлдегерлері де шақырылды. Елорда әкімі спортшыларды үлкен жеңістерімен құттықтап, оларға пәтер кілттерін табыс етті», — делінген бейсенбі күні таратылған ақпаратта.

Астанадағы пәтердің иесі атанғандардың арасында 10 адам бар. Бұл — 16-шы жазғы Азия ойындарына қатысқан боксшы Виталий Левит, дзюдошы Тимур Болат; жүлдегерлер — дзюдошы Данияр Елеусінов, балуан қыз Айым Әбділдина, гимнаст Анна Алябьева, Астана құрамасының жаттықтырушысы Мая Зайнулина, балуан Леонид Спиридонов. Сондай-ақ, 7-ші қысқы Азия ойындарының спорттың бағдарлаудан төрт дүркін жеңімпаздары Михаил Сорокин мен Ольга Новикова және спорттың осы түрінен жүлдегер атанған Эльмира Молдашева.

Әкімдіктің ақпаратына сәйкес, Гуанчжоудағы жазғы олимпиаданың қатысушылары Виталий Левит пен Тимур Болатқа баспана «спорттағы жетістіктері, халықаралық деңгейдегі ірі халықаралық жарыстардағы жеңістері үшін» беріліп отыр.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы