Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Бұрқасын мен күшті желге байланысты Солтүстік Қазақстанның бірқатар автожолдары көлік қозғалысына жабылды

Дата: 11 февраля 2011 в 06:11 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

ҚазТАГ — Бұрқасын мен күшті желге және көріну қашықтығының нашарлауына байланысты Солтүстік Қазақстанның бірқатар автожолдары барлық көлік түрлерінің қозғалысына жабылды, деп ККМ хабарлады.

Ведомство мәліметтерінше, бейсенбі күнгі 12 сағаттан «Көкшетау-Рузаевка» автожолының Рузаевка кентінен Ақмола облысының шекарасына дейінгі 61-196 км (Көкшетау жаққа) учаскесі; «РФ шекарасы (Екатеринбург) — Алматы» тас жолының Қостанай облысының шекарасынан бастап (Сарыкөл кенті бағатанда), Ақмола облысының шекарасына дейінгі(Жақсы кенті бағытында)  729-856 км учаскесі; «Жезқазған-Есіл-Петропавл» автожолының Сергеевка кентінен Ақмола облысының шекарасына дейінгі (Есіл кентіне қарай) 595-719 км учаскесі; «Мамлютка-Қостанай» автожолының Мамлютка кентінен Қостанай облысының шекарасына дейінгі 0-180 км учаскесі көліктің барлық түрлеріне жабылды.

Қостанай облысының облыстық мәндегі автожолдары ауа райының нашарлауы себепті көліктің барлық түріне жабылды.

Сонымен қатар Ақтөбе облысында сондай себептермен «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз»  автожолының  «Ембі-Шалқар» аралығындағы 91-257 км учаскесінде; «Қарабұтақ-Денисовка-Рудный-Қостанай» автожолының «Қарабұтақ — Қостанай облысының шекарасы» жолының 0-231 км учаскесі жабық.

Осыған байланысты көлік және коммуникация министрлігі республика халқы мен қонақтарынан жақын күндері ауа райы жайланбайынша сапарларға шықпауын өтініп, Қазақстан гидрометеорологиялық қызмет хабарларына құлақ түріп отыруын сұрайды.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы