Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Төрежан Мәндібай. Ғалым тақсыр, мәртебеңді дұрыс жаз!

Дата: 12 февраля 2011 в 13:10 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Төрежан Мәндібай. Ғалым тақсыр, мәртебеңді дұрыс жаз!

Мұртаза Бұлутай, философия ғылымының кандидаты. Сейдін Байзақов, филология ғы­лымдарының докторы. Кім қате жазып жүр? Фило­соф па, филолог па? Өкі­ніштісі, филолог мырза қате жазып жүр. Дұрысы — «фи­лология ғылымдары­ның» емес, «филология ғылымының» болуға тиіс.

Орысқа өзіміз үш жүз жыл бағындық. Жарайды де­лік. Ал қазақ тілінің ережесін орыс тіліне бағындыру дұрыс бола ма? Қазақ тілінде көптік жалғауы нәрсенің санына байланысты емес. Міне, бір кітап, екі кітап, он кітап... Орысшасы: одна книга, две книги, десять книг. Соған қарап, екі кітаптар, он кітаптар десек жараса ма? Демек, екі тілдің табиғаты екі бөлек.

1946 жылы Қазақстан ғылым академиясы ашыл­ды. Сол кезде қазақ тілінің білгірлері М.Әуезов, С.Мұқа­нов, Қ.Сәтбаев, т.б. бар еді. Солар академияны Қазақ ССР ғылым академиясы деп атады. Неге олар «академия наук»-ты «ғылымдар академиясы» деп атамады. «До­словно» аударсақ, солай болар еді ғой.

Орыс тілін қазақ тілімен қатар оқитын қазіргі жастар қате сөйлейді. Бұрынғы қазақ «көзінің қиығымен» қараса, қазір жастар «көздерінің қиықтары­мен» қарай­ды. «Менің қолдарым, аяқ­тарым» деп сөйлейді. Дұрысы — «менің қолым, ая­ғым» ғой.

Абай неге «көзімнің қарасы» деген. Неге «көз­дерімнің қарасы» демеген? Әлде, Абай сан білмеу­ші ме еді?

«Көзімнің қарасы» — поэзия, «көздерімнің қа­расы» — балдыр-батпақ. Көптік жалғау қазақ сөзінің дәмін кетіреді.

2009 жылы 2 сәуірде «Ана тілі» газетіне «Көр­шіден жұққан көптік жалғауы» атты мақаламда «фи­лолог, лингвист ғалымдар, мәртебелеріңді дұрыс жазыңдар» деп, Ш.Елеукеновтың, Ө.Айтбайұлының, Б.Сарбалаұлы­ның аттарын атағанмын. Олар екі жылдан бері үнсіз.

2010 жылдың 10 шілдесінде «Қазақстан» газетіне «Филология ғылымы ма, ғылымдары ма?» деп бүкіл Республика ғалымдарына сұрақ қойғанмын. Тағы жауап жоқ.

Содан «Менің жазған хатыма жауап қайда, Маржан-ай!» деп «Қазақстан» газетіне тағы бір әзіл жаздым. Ләм-мим. Несін жазсын? Ғалымдар өздерінің өмір бойы қате жазып келгенін біліп, ұялғаннан үнсіз отыр. Бірақ үнсіздік филологтар мен лингвистерді қатеден қорғап қала алмайды.

Ақтөбеде орыс тілінде жазатын белгілі ақын бар. Соның сөзіне құлақ түрелік: «Филологические науки» деп орыстар қате жазып жүр. Өйткені «наука» деген сөз — женский род, единственное число. «Филология» да солай, женский род, единственное число. Демек, «филологическая наука» болуы керек қой. Қайдағы «филологические науки»? Егер «филологическая и историческая науки» десе, орынды. Филология екеу емес, бір сала ғой. Орыс қате жазғасын, қазақ оны түзей ме?

Міне, бұл — орыс тілінің маманы, ақынның сөзі. Мен неге филологтардың соңынан қалмай жүрмін?! Қазақ сөзінің қате жазылуы жаныма батады. Филологтар қате жазса, басқалар қайтпек?! Біз ұрпағымызға қазақ тілінің дұрыс жазылуын үйретіп кетуге міндеттіміз.

Төрежан МӘНДІБАЙ,

Жазушы.

«Үш қоңыр» газеті

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы