Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақстанның халық жазушысы, Әзілхан Нұршайықов дүниеден озды

Дата: 13 февраля 2011 в 19:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қазақстанның халық жазушысы, Әзілхан Нұршайықов дүниеден озды

Қазақ әдебиеті орны толмас қазаға душар болды. Кеше, 12 ақпан күні 89 жасқа қараған шағында жазушы-журналист, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықов дүниеден озды.

Әзілхан Нұршайықов 1922 жылдың 15 желтоқсанында бұрынғы Семей облысы Жарма ауданының Ақбұзау ауылында дүниеге келген. Ауылдағы орталау мектепті бітіргеннен кейін, Алматыдағы Тау-кен институтының жұмысшы факультетінде, Семейдегі Абай атындағы қазақ педагогикалық училищесінде, одан кейін педагогикалық институтында оқыды.

Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Соғыс кезінде жазушы‑майдангердің өлеңдері, әскери әңгімелері мен очерктері майдандық, республикалық және облыстық газет беттерінде жиі басылып тұрды.

Әзілхан Нұршайықов еңбек жолын мұғалім болып бастаған. 1947-48 жылдары Семей обл. «Екпінді» (қазіргі «Семей таңы») газетінде тілші, жауапты хатшының орынбасары, 1948-49 жылдары «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде бөлім меңгерушісі, 1949-53 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, жауапты хатшының орынбасары, бөлім меңгерушісі, 1953-56 жылдары Павлодар обл. «Қызыл Ту» газетінің редакторы, 1956-61 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің Павлодар облысындағы меншікті тілшісі, редактордың орынбасары, 1961 -63 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, «Социалістік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1968-73 жылдары Қазақ совет энциклопедиясы бас редакциясында бөлім меңгерушісі, 1973-79 жылдары ҚР Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болып істеген.

Көп жылдар Қазақстан Жазушылар одағы проза кеңесінің, жас әдебиетшілер кеңесінің төрағасы қызметін атқарған.

Әзілхан Нұршайықов шығармашылық жолын ақын және публицист ретінде бастаған. Өлеңдері мен очерк, публицистикалық мақалалары аудандық облыстық, республикалық баспасөзде және соғыс жылдарында майдан газеттерінде жарияланып тұрған.

Тың игерушілер өміріне арналған алғашқы очерктер жинағы «Алыстағы ауданда» 1956 жылы жарық көрген. Оның осы тақырыпқа арналған очерктер мен әңгімелер жинақтары «Тың астығы» 1958 жылы, «Ертіс жағасында» 1959 жылы, «Жомарт өлке» 1967 жылы жарияланды.

Жастардың өмірін, арманға толы ой-сезімдерін жан-жақты айшықтауға арналған лирикапық повестері «Махаббат жыры» (1964), «Әсем ( 1966), Отан соғысы жылдарындағы жауынгерлердің ерлігін паш еткен «Махмет Қайырбаев» (1967), «Батырдың өмірі» (1969), замандастарымызды интернационалдық рухта тәрбиелейтін «Тоғыз толғау«( 1977), «Невель түбінде» (1977), әдебиетіміздің белгілі қайраткерлерінің шығармашылық қабілетін сомдаған «Автопортрет» (1977), «Екі естелік» (1985) очерк, әңгіме, повесть жинақтары жарық көрді.

Қалың көпшілікке етене жақын «Махаббат қызық, мол жылдар» романы (1970) мен «Ақиқат пен аңыз» роман‑дилогиясы (1973) жазушы шығар­ма­шы­лығының шырқау биігі саналады. Өлмес туындының алғашқысында жастардың қайнаған жастық өмірі туралы баяндалған, бұл роман оқырманның, әсіресе жалынды жастардың ерекше сү­йіп оқитын махаббат гимніне айналды. Ал екінші роман‑дилогиясы аты аңызға айналған ұлтымыздың ұлы тұлғасы, жауынгер жазушы Бауыржан Момышұлы ту­ралы жазылған. Осы «Ақиқат пен аңыз» роман‑дилогиясы үшін Әзілхан Нұршайықовқа 1980 жылы Қазақ КСР-інің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді.

Орыс тілінде «Песня любви» (1965, 1975, 1982); «Истина и легенда» (1980), «Истина и легенда» (1982) және «Дорогой памяти» (1985) кітаптары жарық көрген. Ә. Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-дилогиясы украин («Дніпро», 1984) және чех (1985) тілдеріне аударылып жарияланды.

Бірқатар шығармалары қырғыз, өзбек, тәжік, молдован, татар, якут тілдеріне тәржімаланған.

Жазушының шығармалары негізінен Отан соғысы және еңбек ардагерлерінің өмірін үлгі ету арқылы бүгінгі жас ұрпаққа патриоттық, еңбекшілдік, адалдық тәрбиесін беруді басты мақсат тұтады.

Ә. Нұршайықов Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1980), А. А. Фадеев атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлық — күміс медалінің (1987) иегері. 2-дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет белгісі» (1957), «Халықтар достығы» (1984), 3-дәрежелі «Даңқ» ордендерімен және «Ерен еңбегі үшін» (1995) медалімен марапатталған.

Халыққа өлмес туындылар сыйлаған жазушының мол мұрасы халық жадында мәңгілік қалары сөзсіз.

Тоқтала кететін жайт, күні кеше қазақтың қадірлі ақыны Қадыр Мырза Әлі дүниеден озғанда: «Жасым тоқсанға тірелгенде артыңдағы інілерің өмірден кетіп жатса, оларға жоқтау жазу қиын екен. Жастардың өмірден озға­нына өзің кінәлідей күй кешесің. Жер басып, тірі жүрген соң оларды жоқтамасқа да амал жоқ», ‑ деп күңіреніп еді. Енді әдебиеттегі інісін жоқтаған Әзілхан Нұршайықов та сол келместің кемесіне мінеп, мәңгілік сапарға жол тартты. Қалың қазақты «Қош, Әз‑аға!» дегізіп...

 

По сообщению сайта Nur.kz