Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Елбасшысы Әзілхан Нұршайықовтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Дата: 14 февраля 2011 в 09:20 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Елбасшысы Әзілхан Нұршайықовтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың өмірден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Әзаға — нағыз халық жазушысы еді. Оның әрбір шығармасын жұртшылық қызыға оқитын.

Өмірінің соңғы күндеріне дейін қолынан қаламын тастамаған қаламгер өнімді еңбек етіп қана қоймай, халқымызды ынтымақ пен бірлікке шақырып, тәуелсіз еліміздің тілеуін тілеп өтті.

Оның шығармалары ізгілікке қандай толы болса, өзінің жаны да сондай нұрлы да мөлдір еді.

Мен оның өзіме берген батасын, жазған хаттарын, арамызда болған әңгімелерді ұмытпаймын.

Әзағаның өнегелі өмірін, жарқын бейнесін, ғибраты мол шығармаларын халқымыздың да ұмытпасына сенемін», — делінген жеделхатта

По сообщению сайта Nur.kz