Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Алматыда АИБА бокс академиясы салынады

Дата: 14 февраля 2011 в 11:00 Категория: Новости спорта

Алматы. 14 ақпан. ҚазТАГ — Алмас Жұмабаев. Алматының қасындағы Талғарда АИБА бокс академиясы салынады. Бұл туралы халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының (АИБА) президенті Чинг Куо Ву хабарлады.

«Біз Алматының маңында бокс академиясын салу туралы шешім қабылдадық. Бұл қазақстандық боксшылар, реферилер, медициналық қызметкерлерге ғана емес, бүкіл әлем үшін арналған заманауи оқу базасы болмақ», — деді Чин Куо Ву жексенбі күні баспасөз мәслихатында.

Қазақстандық бокс федерациясының атқарушы директоры Данияр Әбілғазиннің айтуынша, бокс академиясы болашақ қазақстандық чемпиондардың «шеберханасына» айналуға тиіс.

«Академияның құрылысы биыл қолға алынады, қажет қаржы қарастырылды. Академия өз жұмысын екі жылдан кейін бастайды», — деп сендірді Д. Әбілғазин.

Оның айтуынша, биыл отандық бокс өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі жазда Астанада жастар арасында өтетін бокстан әлем чемпионаты болмақ.

«Бұл — былғары қолғап шеберлері үшін ғана емес, бүкіл қазақстандық спорт үшін маңызды оқиға», — деді ол.

Еске сала кетейік, Қазақстан жастар арасындағы әлем чемпионатын өткізу құқығына 2010 жылдың қаңтар айында Сямынь қаласында (Қытай) өткен АИБА атқарушы комитетінің кеңейтілген отырысында ие болды. Жастар арасында әлем чемпионатын өткізу үшін бес мемлекет таласты. Ақырында АИБА мүшелері Қазақстанның кандидатурасын бірауыздан қолдады. Финалда Қазақстан мен Тайландтың кандидатуралары қаралған болатын.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы