Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Амманда қазақстандық жас өнерпаздар үлкен концерт береді

Дата: 14 февраля 2011 в 11:10 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында, Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын Иордания жұртшылығына насихаттау және ақпараттық қолдау мақсатында,сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалығына орай, Елшіліктің ұйымдастыруымен Қазақтың Ұлттық Өнер университетінің ректоры А. Мұсақожаева бастаған делегация Амман қаласында   сапарда жүр, деп хабарлайды ҚР-ның Иорданиядағы Елшілігінің баспасөз қызметі.

Сапар бағдарламасына сәйкес, 13 ақпанда қазақстандық делегация «Иордания Университетінің» президенті Әділ әл-Туайсимен кездесіп екі жоғары оқу орындары арасында қарым-қатынастар орнату мақсатында өзара түсіністік және ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Келіссөздер барысында тараптар достас халықтар арасындағы мәдениет және өнер саласы бойынша тығыз байланыстар орнатуға өз талпыныстарын білдірді. Сонымен қатар, сол күні аталған университеттің «Әл-Хусейн бен Талал» атты ғимаратында Қазақтың Ұлттық Өнер  унивеситетінің ұжымымен және ҚР-ның халық әртісі А.Мұсаходжаеваның орындауымен үлкен концерт берілді. Иордандық  қауым қазақтың мәдениеті мен өнеріне тәнті болып өз ризашылықтарын білдірді. Бұл оқиға жөнінде  корольдіктің бұқаралық ақпарат құралдарында жан-жақты хабарланды.

14 ақпанда Амман қаласында орналасқан «Әл-Хуссейн» атындағы мәдениет орталығында Иордания ханшайымы Рахманың қамқоршылығымен  қазақстандық жас өнерпаздар үлкен концерт береді.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы