Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Бірінші ханымның мерейтой кешінде Қазақстан президенті оның сүйікті әндерін орындап берді

Дата: 14 февраля 2011 в 11:10 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Алматы. 14 ақпан. ҚазТАГ — 12 ақпанда еліміздің бірінші ханымы Сара Назарбаеваның мерейтой кешінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев оның сүйікті әндерін орындап берді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың, С. Назарбаеваның балалары мен немерелерінің қатысуымен мерекелік кешкі ас Алматыда «Royal Tulip» қонақ үйінде өтті, деп мәлім етті ҚазТАГ агенттігіне ақпаратқа қанық дереккөз.

Бұл салтанатты кешті ресейлік әртістер Лариса Гузеева мен Владимир Винокур жүргізді.

Дереккөздің ақпаратына сәйкес, кеш қонақтарының алдында өзбекстандық «Ялла» тобы, Грузияның танымал әншісі Вахтанг Кикабидзе, Ресейден келген сығандар ансамблі және қазақстандық әртістер өнер көрсетті.

«Бірақ Сара Алпысқызына Нұрсұлтан Назарбаев, қыздары Дариға, Динара, Әлия, немерелері орындаған қазақ және орыс әндері қатты ұнады. Бұл жоғары бастықтардың қатысуынсыз, жақын туған-туыстардың ортасында өткен отбасылық кеш болды», — деп хабарлайды дереккөз.

Бұрын хабарланғандай, Қазақстанның бірінші ханымының мерейтойына арналған шаралар аясында Қазақстандағы митрополиттік округтың басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр С. Назарбаеваға Орыс православ шіркеуінің «Атақ және Құрмет» орденін табыс етті. Білім және ғылым министрлігі С. Назарбаеваның туған күні құрметіне ҚР бірінші ханымының қызметі туралы кітап көрмелерін, балалар суреттерінің, шығармаларының, құттықтау ашықхаттарының, қолөнер бұйымдарының конкурстарын, әндер фестивалін ұйымдастырып, мерекелік концерттер өткізді. Алматыдағы оқушылар сарайында қала мен республиканың белгілі әртістері мен балалардың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен «Махаббатқа толы жүрек» шарасы өтті.

Еске сала кетейік, 2010 жылдың 1 қырқүйегінде С. Назарбаеваның бастамасымен ҚР білім ұйымдарында жалпы адамгершілік құндылықтардың негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған «Өзіңді тану» рухани білім бағдарламасы жүзеге асырыла бастады.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы