Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

NUR.KZ сауалнамасы. Солдатское ущельенің атын өзгерту қажет пе?

Дата: 14 февраля 2011 в 11:20 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

NUR.KZ сауалнамасы. Солдатское ущельенің атын өзгерту қажет пе?

Дүниежүзінің назарын бір өзіне аудартқан же­тін­ші қысқы Азия ойындарын да тарих қойнауы­на енгіздік. «Бұл Азиада біз үшін несімен құнды?» деп сұрайтын жан болса, «қазақ жерінде тұң­ғыш рет өткенімен құнды.

Қазақ елі осындай дең­гей­дегі дүбірлі доданы қабылдай алатынын дәлел­дегенімен құнды» деп жауап беруге болатын шы­ғар. Ендеше, осы дүбірлі доданы ешқашан ұмы­тылмастай, халық жадында мәңгіге сақтап қала алсақ игі еді. Ал ол үшін не істеу керек? Ең оңайы әрі тиімді жолы Ақ Азия ойындары өткен объек­тілердің бірін Азиаданың құрметімен атау сияқты.

Ал енді сұрақ: қай объектіні Ақ Азиаданың құрметімен атаймыз?

Астанада «Астана-Арена» стадионы бар. Онда Ақ Азиаданың ашылу салтанаты өтті. Бірақ футболға арналып салынған стадионды қысқы доданың құрметіне беру әбестік болар. Республикалық велотрек кешені бар. Мұнда шорт-трек сындары өтті. Дегенмен бұл кешенде шорт-тректен бөлек велотрек жарыстары өтетінін де естен шығармайық.

Ал велотрек жарыстары қысқы спорт түріне жатпайды. «Қазақстан» спорт сарайы бар. Мұнда шайбалы хоккейден ерлер додасы өтті. Бірақ бұл стадионның атауы 2001 жылдан бері «Қазақстан». «Қазақстан» атауын басқаға ауыстыру тағы да келіспейтін дүние. Жабық кешенді конькимен жүгіру стадионы бар. Аты айтып тұрғандай мұнда конькимен жүгіру жарыстары өтті. Міне, осы стадионды Азиаданың құрметімен атауға болатын сияқты.

Енді Алматы объектілерін қарап көрейік. Оңтүстік астанамызда Балуан Шолақ спорт сарайы бар. Мұнда шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы сындар өтті. Дегенмен ежелден «Балуан Шолақ» атанған спорт сарайдың атауын өзгерткенді дұрыс емес деп санамаймыз. Тау шаңғысы жарыстары өткен «Шымбұлақ» спорт базасы мен фристайл сындары өткен «Та­баған» спорт базасының да атауын ежелгі дәстүрге байланысты «Азиада» спорт базасы деп өзгерткен дұрыс емес.

Шаңғымен тұғырдан секіру кешені ше? Бұл да – ойда жүрерлік нәрсе. Бірақ бәрінен де шаңғы жарыстары, биатлон және шаңғымен спорт­тық бағдарлау сындары өткен «Сар­базсайдың» атауын жетінші қысқы Азия ойындарының құрметімен атаған дұрыс секілді.

Біріншіден, мұнда Азия ойындары кезінде спорттың үш түрінен жарыстар өтті.

Екіншіден, бұл жердегі спорт кешендер арнайы Ақ Азиадаға арналып салынды.

Ал, үшіншіден, «Сарбазсай» белгілі бір спорт кешенінің атауы емес, жер атауы болып саналады. Яғни бұл жерді «Азиада шат­қа­лы» деп атасақ, ең қолайлысы сол болатын секілді.

Негізі, бұл жердің атауы «Сарбазсай» емес, көпшілігі ежелден «Солдатское ущелье» деп атайды. Оны «Сарбазсай» деп аударып алған өзіміз, яғни қазақ журналистері. Ал «Солдатское ущелье» атауы қайдан шыққан? Мұны біз жер-су атауларын зерттеп жүрген мамандардан сұраған едік.

– Бұл бұрыннан келе жатқан атау ғой. Ешкім ол жерді солай аталсын деп арнайы бекіткен жоқ. Ел аузында «Солдатское ущелье» болып қалыптасып кеткен. Оның тарихына келсек, кезінде ол жер кеңес әскерлерінің тынығатын арнайы демалыс орны болса керек. Міне, сондықтан ғой, жергілікті жұрттың «Солдатское ущелье» деп жүргені. Өзгерткен дұрыс. Себебі Ақ Азиада елімізде тұңғыш рет өткендіктен халық жадында мәңгілік қалатындай болуы тиіс. Ол үшін атауды өзгертуді заң­дастырып, құжаттарды жинап, тиісті орын­дарға өткізу керек, – деді Рес­пуб­ликалық география институтының аға қызметкері Сламқұл Әбдірахманұлы.

Ақ Азиада елімізде тұңғыш рет өткендіктен халық жадында мәңгілік қалатындай болуы тиіс. 

Жалпы, VII қысқы Азия ойындары Елбасымыздың өзі айтқанындай еліміздің 2011 жылғы ең ірі оқиғасы болды. Дайын­дық барысына қаншама күш жұмсалып, қаншама қаржы құйылды. Ақ Азиада елімізге бұрын-соңды болмаған қаншама жетістіктер сыйлады. Бүкіл әлемнің назарын өзімізге аудардық. Мұндай тарихи оқиға елімізде бұрын-соңды ешқашан болмаған. Алдағы уақытта Ақ Азиада ойын­дарын өз жерімізде тағы да қабылдай аламыз ба, жоқ па, ол жағы бір Аллаға ғана аян. Ендеше көпшілік «Солдатское ущелье» атап кеткен сайды неліктен дүбірлі до­даның құрметіне орай, «Азиада шат­қа­лы» деп атамаймыз?! Бұған жергілікті ат­қарушы органдар мен халық қалау­лы­ла­ры қалай қарайды екен?

Ермек АҚШАБАЕВ, Алматы облысы тілдерді дамыту басқармасының талдау, үйлестіру және ономастикалық жұмыс бөлімінің бас маманы:

– Өте тамаша ұсыныс екен. Бұл бастаманы қолдайтындар болса, біз қостауға дайын­быз. Оның үстіне, ешкім әлгі жерді қазақша «Сарбазсай» атамайды. «Солдатское ущелье» деп жүр. Яғни, орысша атау. Сондай-ақ Талғар ауданының жер-суларында «Солдатское ущелье» деп бекітілген атау мүлдем жоқ. Ол жай халық аузында солай аталып кеткен. Ал оны құжаттастырып, «Азиада шатқалы» деп атасақ, өзімізге жақсы емес пе? Елімізде тұңғыш рет өткен қысқы Азия ойындарын мәңгілікке халық жадында сақталатындай етсек, қандай ғанибет. Ол үшін не істеу керек?! Жергілікті халық атауды ауыстырайық деп, аудан әкіміне ұсыныс тастау керек. Сосын аудан әкімі жергілікті ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қарамағындағы аудандық ономастика кеңесіне ұсыныс білдіреді. Сөйтіп, аудандық ономастика әлгі ұсынысты өздерінің әр тоқсанда өтетін отырысында қарайды. Ұсыныс дұрыс деп табылса, тиісті құжаттар дайындалып, облыстық ономастика комиссиясына жіберіледі. Сосын біз қараймыз. Бізден облыстық мәслихаттың отырысына жіберіледі. Ең соңында халықтың пікірі ескеріліп, ешкім қарсы болмаса, он күннен кейін әділет басқармасына өтіп, заңды түрде «Азиада шатқалы» деп тір­келеді. Ал егер ол жерде халық тұрмаса, жергілікті ономастика комиссиясының өздері қарауы тиіс.

Мен бұл ұсынысты екі қолымды көтеріп, қолдаймын 

Александр БАТЯЙКИН, шаңғы спортынан ұлттық құрамамыздың бас бапкері:

– Мен бұл ұсынысты екі қолымды көтеріп, қолдаймын. Себебі Ақ Азиада елімізде тұңғыш рет өтті. Оның үстіне, бұл жердегі шаңғы-биатлон стадионы Азия ойындарына арнайы салынды. Спортшыларымыз – 32 алтын, 21 күміс, 17 қола иеленсе, соның 19 алтынына, 11 күмісіне және 7 қо­ла­­сы­на осында қол жеткіздік. Сон­дық­тан Азиаданы мәң­гі­лік­ке жадымызда сақтап қалу үшін, «Сарбазсай» деген­нің орнына «Азиада шат­қалы» деп атағанымыз дұрыс шығар. Негізі, әлгі «Сарбазсай» атауының қай­дан шық­қанын айтқан біреулер. Тарихын білемін. Бірақ Азиада ойын­да­ры­ның маңыздылығы оны жүз орайды.

По сообщению сайта Nur.kz