Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Енді лаңкес атандық па?

Дата: 14 февраля 2011 в 14:50

Ресейге қарасты Дағыстан жерінде лаңкест-террорист деген күдікпен  қазақтың екі бірдей азаматы — 1989 жылы туған Альберт Әбдікәрімов пен 1990 жылы дүниеге келген Райымбек Ержанов  тұтқындалыпты. Махачкалада пәтер жалдап тұрып жатқан ақтөбелік екі азаматты ұстау барысында олардан   жарылғыш заттардың табылғаны туралы ақпарат агенттіктері жарияға жар салып таратуда.

Бұған дейін шетел асып, шаһидтік жолға өзін арнаған қазақ баласын естіп, білмеген едік. Енді міне, қазақ жастары лаңкес-террорист деген күдікке ілінді. Бұ қалай? Ресейдің жарылыстан көз ашпай жататын Дағыстан аймағында ақтөбелік жігіттер не жоғалтты? Әлде мұның артында қауіп құшағына қаусырып бара жатқан Қазақстандағы діни ағымдар тұр ма? Мүмкін олар ақша үшін жарылғыш заттарды сақтап, жаннан безіп жүр ме екен? Әлде, жала ма? Жалпы, қазақ жастары неге қараусыз қалып, көлденең көк аттының қанжығасында кетіп жатыр? Үкімет қайда? Жас жігіттерді жарылыстың жолына итермелеп отырған күштерді ҰҚК неге құрықтамайды? Талқы-Форум осы сауалдарға жауап іздейді.

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы