Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Бүгін Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың туылған күні

Дата: 14 февраля 2011 в 15:01 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Бүгін Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың туылған күні

2011 жылғы ақпан айының 14-інен 15-іне қараған түні Мәуліт ән-Нәби Пайғамбарымыздың (с.а.с.) туған күні.

Әдеттегідей биыл да әлемнің көптеген елдері хазреті Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың мәулітін атап өтеді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туылған күнін қасиетті мереке ретінде атап өту үрдісі ислам әлемінде һижри IV-V ғасырлардан басталады.Ислам ғұламалары бұл жайлы көптеген құнды еңбектер жазып, мәуліттің дініміздегі орнын анықтауға тырысқан.

Қазіргі таңда бұл мейрамды бір-екі мемлекеттен өзге барлық ислам әлемі ерекше мерекелейді.

Мәуліт — араб сөзі, қазақ тілінде «туған күн» деген мағына береді. Бұл Алла тағаланың ең сүйікті пендесі, Адам атадан (ғ.с.) басталған пайғамбарлардың соңғысы, әрі сардары хазреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дүниеге келген айына атау етіп қойылған сөз.

Қасиетті Құран Кәрімде Алла тағала «Ахзаб» сүресінің 56-аятында: «Пайғамбарға (с.ғ.с.) Алла рахымын төгіп, періштелер жарылқау тілейді.Ей, мүміндер! Пайғамбарға (с.ғ.с.) сендер де салауат айтып, сәлем жолдаңдар», — деген.

Сондықтан да әр жылы ай тізбесінің рабиғул-әууәл айында әз Пайғамбарымыздың мәулітін мерекелеп, Алла тағала бізді өзінің сүйікті пайғамбары хазреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үмметі етіп жаратқанына алғысымызды білдіріп, сүйікті хабибіне жамағат болып салауаттар айтамыз.

Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың муәліті мен салауаттылық пен тәрбиеге үндейтін өзге де діни мейрамдар, өкінішке қарай, ынтызарлық пен құмарлықты қоздыратын осындай «мерекелердің» тасасында қалып барады

Бүгін сондай-ақ, дүниежүзі жастарының, соның ішінде қазақстандықтардың «махаббат күні» деп құшырлана тойлайтын — әулие Валентин күні. Католик шіркеуі қызметкерінің жазаға тартылған күнін атап өтуді дәстүрге айналдырған көпқұдайшылардың ойлап тапқан бұл жалғыз «мейрамы» емес.Қазіргі күні зәре-құтыңды қашыратын «Хэлуэйн» де буыны қатаймаған жастарымыз арасында тым танымал.

Бозөкпелерді қолпаштап, бұларды атап өтуге жағдай жасап беріп жатқан ересектер де баршылық. Ал Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың муәліті мен салауаттылық пен тәрбиеге үндейтін өзге де діни мейрамдар, өкінішке қарай, жыл өткен сайын ынтызарлық пен құмарлықты қоздыратын осындай «мерекелердің» тасасында қалып барады.

Еліктегіш қасиеттен арылып, ата-бабамыздың маңдай терімен қолымызға тиген тәуелсіздік заманында діліміз бен дінімізге жат дүниелердің ара-жігін ажырататын кез жеткен сияқты.

По сообщению сайта Nur.kz