Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Семейде жүрек–қан тамырлары аурухасында лифт істемейді

Дата: 14 февраля 2011 в 15:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Семейде жүрек–қан тамырлары аурухасында лифт істемейді

Енді өңір тұрғындары басқа қалаларға сабылмай-ақ медициналық университет жанындағы орталықтың білікті мамандарының көмегіне жүгіне алады. Алайда, ауруханада шешілмей жатқан түйткілдер әлі аз емес.

530 төсектік ауруханада жыл сайын облыстың 60 мыңнан артық тұрғынына медициналық қызмет көрсетіліп, күніне 15 адамға дейін ота жасалады. Жансақтау бөлімі бірінші қабатта, хирургия бөлімі 3-қабатта орналасқан. Ал, ауруларды тасымалдайтын жеделсатылардың қызмет мерзімі әлдеқашан өтіп кетуіне байланысты қалалық төтенше жағдайлар басқармасы ақпан айынан бастап олардың жұмысын тоқтату жөнінде шешім қабылдаған.

Төлеген Ақпаров, хирург дәрігер:

— Жай сатымен тасуға болмайды. Өйткені аурулар наркозда жатқанда оны арнайы аппараттармен демалдыратын жұмыс істеп тұру керек. Оны қолмен түсіру өте қиын. Кісінің көктамырына дәрілер құйылып жатады. Ол кезде ол шығып кетеді қолмен түсірген кезде.

60 жылдық тарихы бар бұрынғы облыстық аурухана 1999-жылы облыс әкімдігінің шешімімен Семей Мемлекеттік Медициналық Университетінің клиникалық орталығына айналды. 2006-жылдан бері республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Сондықтан ескі лифтердің орнына жаңасын орналастыру немесе жұмыс істеп тұрғандарымен ауыстыру денсаулық сақтау министрлігінің құзырында, дейді орталық басшысы.

Ескі лифтердің орнына жаңасын орналастыру немесе жұмыс істеп тұрғандарымен ауыстыру денсаулық сақтау министрлігінің құзырында

Нұрлан Рақымжанов, қарқынды емдеу бөлімшесінің меңгерушісі:

— Бұрын бізде 2 лифт істеп тұратын. Қазір бізде біреу ғана қалды. Оның өзі жұмыс істеу мерзімі 30 жыл екен, қазір 30 жыл емес, 40 жылдан асып кетті. Оның өзіне бізге тиым салып отыр,

Серік Әлжанов, медициналық орталықтың директоры:

— Әкімдікке де, денсаулық сақтау министрлігіне де жедесатыларды ауыстыру жөнінде ұсыныспен шыққанбыз. Әлі күнге жауап жоқ. Ең болмаса 2 жеделсатыны өзімізге сатып алуға рұқсат берілсе дейміз.

Бұл түйткіл тездетіп шешімін таппаса ота жасалған сырқаттарды бір қабаттан екінші қабатқа тасымалдау өте қиын болғалы тұр, дейді дәрігерлер.
 

По сообщению сайта Nur.kz