Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Астанада Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған көрме ашылды

Дата: 14 февраля 2011 в 17:31 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Астанада Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған көрме ашылды

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада ашылған «Көзімнің ішінде Көк Туым желбіреп...» атты кітап көрмесі көрерменнің талғамына толық жауап береді.

Азаттығымыздың жиырма жылдық мерейтойына арналған түрлі іс-шаралар легі еліміздің түкпір-түкпірінде өтіп жатыр. Әсіресе, елордамыздағы тәуелсіздік тағылымына арналған мәдени-рухани шаралардың мән-мазмұны көңілден шығып тұр. Мәселен, күні кеше ғана Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада ашылған «Көзімнің ішінде Көк Туым желбіреп...» атты кітап көрмесі көрерменнің талғамына толық жауап береді.

Қазақ елінің сан ғасырлық қалыптасу кезеңін, мемлекеттілігін, жаңа дәуірдегі жүріп өткен жолын көрсететін жылнама кітаптар арқылы жастардың отансүйгіштік сезімін нығайтып, Қазақстан туралы білімдерін толықтырып, елдің жағымды бейнесін қалыптастыруды мақсат еткен көрмеге соңғы кездері жарық көрген әдебиеттер мен басылымдар, тіпті электрондық ресурстар да қойылыпты.

Көрме «Тарих толқынында», «Қазақ Тәуелсіздігінің сәулетшісі», «Қазақстан жаңа жетістіктер жолында», «Еліміздің басты байлығы — Адам», «Әлем картасы алдында», «Бәрі сенің, жан Отан, қалауыңа!» деген сияқты алты аталымнан жасақталған. Көрмедегі кітап сөрелерінен Қазақстан тәуелсіздігінің негізін қалаған маңызды құжаттардың көшірмелерін де көруге болады.

Осынау құнды деректердің көшірмесін еліміздің республикалық Ұлттық мұрағат ұсыныпты.

Ал көрме залдағы плазмалық экрандардан Қазақстан туралы бейнематериалдар мен «Қазақ елі» сынды бейнефильмдерді тамашалауға мүмкіндік жасалған. «Көзімнің ішінде Көк Туым желбіреп...» көрмесін ұйымдастырушы — кітапхана қызметкерлері айтқандай, Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған көрме әрбір отандасымыздың ұлық мерекені жан жүрегімен сезінуіне септігін тигізеді деген үміт бар. 

Тәуелсіздікті жасаған тұлғалардың, сол үшін күрескен ерлердің, тұлғалы азаматтардың жарқын, бедерлі істері бүгінгі кітаптарда, деректерде, мәліметтерде қатталған

 «Қазақстанның өзі жүріп өткен 20 жылдық жолы — шежірелі тарихқа айналды. Сол шежірені хатқа түсіретін ең құнды дүниенің бірі — кітаптар.

Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің төрағасы Бауыржан Омаров:

— Егемендіктің 20 жылдығына арналған көрме соның барлығынан сыр шертеді.

Тәуелсіздікті жасаған тұлғалардың, сол үшін күрескен ерлердің, тұлғалы азаматтардың жарқын, бедерлі істері бүгінгі кітаптарда, деректерде, мәліметтерде қатталған. Айта кетерлігі, аталмыш көрме жыл бойы жұмыс істейді. Ең бастысы, көрме жаңа кітаптармен және электрондық қорлармен толықтырылып отырады. Сондықтан тәуелсіздік шежіресіне терең бойлағысы келетін кез келген жанның бұл көрмеге асығары анық.

По сообщению сайта Nur.kz