Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Елімізде 1,6 млн га жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Дата: 15 февраля 2011 в 09:40 Категория: Новости экономики

Елімізде 1,6 млн га жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Өткен екі жылдың ішінде ауыл шаруашылық мақсатта пайдаланылмай, жай жатқан 1,6 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Бұл туралы мәжілісте өткен үкімет сағатында жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Өмірзақ Өзбеков мәлімдеді.

Елбасы биылғы жолдауында ауыл шаруашылығының пайдасына жаратуға болатын, бірақ қазір мүлдем қолданылмай жатқан жерлердің жағдайын саралап шығуды тапсырған болатын. Бұл ретте агенттік төрағасының айтуынша, 2010-шы жылы жер инспекциялары 3 млн гектар жердің қолданылмай жатқанын анықтап, соның жартысынан астамын иесіз жер учаскелері ретінде тіркеуге алды.

Оның үстіне ауыл шаруашылық мақсатта пайдаланылмаған жерлердің иелеріне 17 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Табиғи жағдайлардан тыс, минерады және органикалық тыңайтқыштарды пайдаланбау, агротехникалық талаптарды сақтамау, ғылым сөзіне құлақ аспаудың салдарынан жердің құнарлылығы төмендеуде дейді Өмірзақ Өзбеков.

2010-шы жылы 3 млн гектар жердің қолданылмай жатқанын анықталды

Бүгінде Қазақстан аумағының 70 пайызы шөлейттену үдерісіне шалдығып отыр. Жер пайдалануға мемлекеттік бақылауды сапалы жүргізуге агенттіктегі маман тапшылығы біршама кедергі келтіруде.

Жексенбай Дүйсебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

— Аудан көлемінде жер қатынастарын айқындайтын бөлім болып келген. Әкімшілікте. Дегенмен де сол бөлім а-ш бөліміне қосылып кетті жаңңа жылдан бастап. Бұл деген жермен айналысатын адам жоқ деген сөз.

Жермен айналысатын адам жоқ

Ал жердің бәрі ауданда. Сонда бар болғаны сіздің агентствоның басы бар, аяқ қолы жоқ деген сөз. Қандай басқару жүйесін сіздің құрғыңыз келеді. Неге бұны үкімет қолдамай отыр осы күнге дейін.

Өмірзақ Өзбеков, ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы:

— Қазір бізде жеті өңіраралық инспекция бар. Кейбіреуде үш облыстан бар. Мысалы — Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облысы бір инспекцияда. Жердің көлемі деген үлкен ғой. Ең болмаса біз айттық. Біздің инспекторлар әр облыста болсын. Соның өзіне айтып отырмын ғой бюджет мәселесіне байланысты шешілмей отыр.

По сообщению сайта Nur.kz