Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Әлем жұртшылығын алаңдатқан фильмінің жалғасы түсірілді

Дата: 16 февраля 2011 в 12:31 Категория: Новости культуры

Әлем жұртшылығын алаңдатқан фильмінің жалғасы түсірілді

Осыдан 20 жыл бұрын Арал тағдыры туралы «Жоқтау» деректі фильмі түсірілген болатын. Онда теңіз тартылып, халық үдере көшкен экологиялық апат аймағының қасіреті бейнеленген.

Ал, ел тәуелсіздігін алғаннан кейін Аралдың жаңа тарихы басталды. Осыған орай Қызылорда облысы әкімдігінің ұсынысымен Арал аймағының бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы «Жоқтау... 20 жыл өткенде» атты деректі фильмі түсірілді. Теңізі құрғап, шөл далаға айнала бастаған Арал. 1989 жылы түсірілген фильмде аймақтың осындай қасіреті көрсетілді. Сол кезде бұл көріністер әлем жұртшылығының назарын аударды.

Сол кезде бұл көріністер әлем жұртшылығының назарын аударды

Сергей Әзімов, фильмнің режиссері, ҚР еңбегі сіңген қайраткер:

— Мен Аралдың оңтүстік жағында өскенмін. Осы фильмді жалғастырсам, кейіпкерлерімнің өмірі қалай болды екен, тағдыры қалай болды екен деп өзім армандап жүргенмін.

Режиссер кейіпкерлерімен 20 жылдан кейін қайта жүздеседі. Бүгінде олардың жүрегінде сенім, жүзінде қуаныш бар. Фильмнің бірінші бөлімінде туған жерінен жыраққа кетпей, болашаққа сенген халықтың Отанына деген шынайы сүйіспеншілігі көрсетіледі.

Төребек Ділжанов, Бөген ауылының тұрғыны, балықшы:

— Мына топырақтан артық ештеңе жоқ. құдайға шүкір үмітіміз жанып, жақсы теңізден нәпақа тауып, жақсы күн көріп отырмыз. Скл 70 жылдардың ішінде тоқырауда қандай болды теңіз? Қазір қандай болды? Адам нанғысыз жұмыс. Ол — Елбасының арқасы. 

Елбасының Кіші Аралды суға толтыру арманы ақиқатқа айналды. Мемлекет басшысының қамқорлығына аралдықтардың алғысы шексіз.

Болатбек Қуандықов, Қызылорда облысының әкімі, идея авторы:

— Елбасының бастамасымен Кіші Арал идеясы өмірге келді. Толықтай бүкіл Арал теңізінің проблемасы шешілді деп айта алмаймыз. Бірақ ең бірінші үлкен қадам басталып, Арал теңізінің солтүстік бөлігін қазақстандық жағын сақтап қалуға және де оны халықтың игілігіне жаратуға толық мүмкіндік бар екені дәлелденіп отыр.

Туындының екінші бөліміне теңіздің жаңаруы мен балық шаруашылығының жандануы арқау болған.

Су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында салынған Көкарал бөгеті, Көксарай су реттегіші сияқты ірі нысандардың елге қандай пайда әкеліп отырғаны баяндалады. Екі бөлімнен тұратын деректі фильм жуық арада жергілікті және республикалық телеарналардан көрсетілетін болады.

 

По сообщению сайта Nur.kz