Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

«Алматы» ӘКК мен Қазақстанның туристік ұйымы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Дата: 16 февраля 2011 в 13:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Алматы. 16 ақпан. ҚазТАГ —  «Алматы» аймақтық даму әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ мен Қазақстанның туристік ұйымы (ҚТҰ) Алматының туристік, іскерлік және инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған меморандумға қол қойды, деп хабарлайды сәрсенбі күні корпорацияның баспасөз қызметі.

Оның ақпаратына сәйкес, меморандумға «Алматы» АД ӘКК басқарма төрағасы Керімжан Бижанов және ҚТҰ басшысы Рашида Шайкенова қол қойды.

«Меморандумның мақсаты — Алматының аймақтық маңыздағы ірі туристік орталық ретінде жедел дамуына ықпал ету. Бұл үшін Азиадаға арнап салынған жаңа нысандардың да мүмкіндіктерін пайдалануға болады», — деп мәлім еткен «Алматы» АД ӘКК басқарма төрағасы К.Бижановтың сөздері ақпаратта келтірілген.

Тараптар туризм саласындағы тәжірибе мен білім, инвестициялық жобалар туралы ақпарат алмасуға уағдаласты. «ӘКК мен ҚТҰ бірлесіп сыртқы және ішкі туризмді дамытуға серпін беріп, Алматыда халықаралық деңгейдегі инфрақұрылымы бар тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті туристік индустрияны құруға ықпал етпек», -делінген құжатта.

Сондай-ақ, хабарламаға сәйкес, ӘКК қала әкімдігі бастама көтерген жобаларға қосалқы инвестор ретінде қатысып, жекелеген бағдарламалар мен бірлескен жобаларды қоса қаржыландыруы мүмкін.

«Алматы» ӘКК — 100 пайыз мемлекеттің қатысуымен құрылған акционерлік қоғам.  Ол ҚР президентінің тапсырмасымен, Алматы әкімінің шешімімен қаланың мемлекеттік активтерін тиімді басқару, экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық әлеуеті мен инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін; мемлекеттік-жеке кәсіпкерлік әріптестік қағидаларының негізінде бәсекеге қабілетті өндірістер мен нарық субъектілерінің экономикалық белсенділігін арттыруға жағдай жасау үшін; әлеуметтік проблемаларды шешіп, әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымды құрып, дамыту үшін құрылды.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы