Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақстан елшісі ШриЛанка президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Дата: 16 февраля 2011 в 13:01

Астана. 16 ақпан.ҚазТАГ — Коломбода Қазақстанның Үндістандағы, Шри-Ланкадағы елшісі қызметін қатар атқаратын Дулат Қуанышев Шри-Ланка президенті Махинда Раджапаксаға сенім грамоталарын тапсырды,деп хабарлайды сәрсенбі күні СІМ-нің баспасөз қызметі.

Ведомствоның ақпараты бойынша, 14 ақпанда өткен кездесу барысында тараптар «бейбітшіліктің, этносаралық және дінаралық келісімнің мәні мен маңызын атап көрсетті». «Д.Қуанышев толеранттылықты насихаттау Қазақстанда мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен табысты жүзеге асырылып отырған саясаттың басты құрамдастарының бірі болып табылатынын айтты», — делінген ақпаратта.

Осы күні Д.Қуанышев Шри-Ланканың экономикалық даму министрі Б.Раджапаксамен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық мәселелері, екі елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын талқылап, халықаралық және аймақтық саясаттың маңызды мәселелері бойынша пікір алмасты.

«Кездесу барысында қазақстандық дипломат Қазақстан мен Шри-Ланка арасында тікелей әуе қатынасын ашу екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту үшін кең мүмкіндіктер ашатынын атап көрсетті», — делінген ақпаратта.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы