Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

М.Маманова. Джонс ханым не ойлап кетті?

Дата: 16 февраля 2011 в 13:20

М.Маманова. Джонс ханым не ойлап кетті?

Немесе бұрынғы Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтың  бір «ісі»

Тақауда елімізге АҚШ Мемлекеттік хатшысының қоршаған орта мен Ғылым мәселелері бойынша  кеңесші -ғалым, доктор Кэрри-Эн Джонс ханым ресми сапармен келіп кетті. Биік  лауазымды ғалымның Қазақстанның білім беру саласындағы көптеген мәселелерге, әсіресе  мектептерді оқулықтармен қамтамасыз ету  проблемаларына ерекше назар аударуында гәп бар сықылды. Мысалы «Республика мектептеріне оқулықтар мен оқу -әдістемелік құралдарын  сараптамадан өткізуде кәсібилік басым ба  пе, әлде...» деп қайта-қайта сұрауына не себеп болды? Білім және Ғылым министрі Б.Т.Жұмағұовтың жауаптарына қанағаттанбаған сыңай білдіріп, қатқыл қабақ танытуы несі? Бұған да «қайдағы бір әйелдің ішкі ісімізге араласқаны қалай»деп шамданамыз ба, жоқ....

Әлбетте, Джонс ханым Қазақстанға келер алдында-ақ  біздегі білім және ғылым саласындағы өзекті проблемалардың бәрімен танысып, алдын-ала сұрақтарын дайындап келгені белгілі десек, мектеп және мектеп жасына дейінгі білім беру мекемелерін оқулықпен қамтамасыз ету мәселесі  оң шешімін таппай келе жатқанын ол міндетті түрде білді. Білім және Ғылым экс министрі Жансейіт Түймебаевтың басшылық еткен тұсындағы қаржы-қаражат саласындағы қалыптасқан  ахуал, жең ұшынан жалғасқан жемқорлық, заң бұзушылық  жалпыға жария еді. Сол тұстағы ресми, бейресми  қоғамдық инисититуттардың  әлеуметтік  сауалнамаларын сараласақ «Қазақстандағы ең былыққа белшесінен батқан мекемелердің арасында бірінші орында  білім-ғылым саласы, одан соң  құқық қорғау, үшінші ауыл шаруашылығы болғаны» құпия емес. Бірақ одан Ж.Түймебаевтың қылы да қисайған жоқ.Төмен қарап келген еді, төмен қараған күйі шетелге елші боп кете барды. Жұрттың бәрі оны аяйтын, бірақ ол ешкімді де, ешнәрсені де  аяған жоқ. Әсіресе, үкімет қаржысын...

Расында Түймебаевқа басын жоғары көтеріп жүрудің ешқандай керегі де жоқ болатын.Үкімет мүшелері арасында «Саудабаевтың көлеңкесі» немесе «Жуас қашаған» атанған бұл жігіттің тағдыры, биік мораль тұрғысынан келгенде, шынында аянышты. Бірақ Джонс ханымды қызықтырған  экс-министрдің моральдық бет-бейнесі емес, (бұл  бізді де аз қызықтыратын жәйт) республика бюджетінен жыл сайын бөлінетін қыруар қаржының  жұмсалу тәртібі болатын.

Ол оқулық және оқу — әдістемелік құралдарын сараптамадан өткізуді жеке өз билігінде ұстай отырып, республикалық ғылымыи-зерттеу «Оқулық» орталығы арқылы жүргізді. Бір қызығы — өз кезегінде қазақ тіліне қамқор болады деп сенген лингивист министріміз өз сөзімен айтқанда «аса ұстамды  саясат» жүргізуге ниеттенді. Осы ұстамдылықтың  тасасында не жатқан еді? Түймебаевтың тұсында мектептердегі қазақ тілі ахуалы жақсармады десек бұл ештеңе айтпағанымыз. Қазақ лингивистерінің оны түсіне алмайтынының басты бір себебі де осы. Ол екі істі жақсы тындырып кетті. Біріншісі — өзінің «ғылымыи еңбегін» аса жоғары бағалатып, докторлық диссертация қорғап алғаны. «Өзің басқарып отырған иниститутта өзіңнің басшылығыңмен өзіңнің докторлық диссертация қорғауың мемлекеттік қызметкерге, Үкімет мүшесіне ұят қылық емес пе?»  дегенді оған ешкім айтпады, бізде мемлекет қызметкерлері этикеті белгілі бір топ арасында ғана сақталады, ал жалпыға мұның қатысы жоқ секілді. Тіл мамандарының аталмыш еңбектің ғылыми құндылығы туралы екіұдай пікірде болғаны да ескерілмеді. Егер жаңа басшылық осы мәселеге қайта орлатын болса (ал қайта оралу керек-ақ. Бұл дүниеде сұраусыз ештеңе жоқ) айтылатын сөз жетеді.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев үстіміздегі жылғы жолдауында ғылым саласындағы проблемаларға  ерекше тоқталдып, «200 ғылыми кеңестер кандидаттар мен докторларды қалыптан құйғандай етіп жасап шығарып жатыр» дегені мәлім. Өкінішке орай, бұл сын да «шортандарға» емес, «шабақтарға » қатысты болып қала бермек. Әйтпесе, соңғы жылдары қанша «жаңа доктор» пайда болғанын есептеп көрген кісі қаншама лауазымды басшылардың осы күнге дейін елеусіз-ескерусіз «қор болған ғылыми дарын» иелері боп келгенін  біліп жағасын ұстары хақ.Түймебаев соның бірі екені анық. Министр болғанға дейін өзі айтпақшы «аса маңызды мемлекеттік  жұмыстардан қолы тимеген» ол таққа отыра салысымен  доктор болуды ұмытпады. Ал екіншісі... Екіншісі туралы кеңірек айтқымыз келеді.  Республикадағы кез келген шенеунік сықылды ол да өзінің уақытша отырғанын сезді және соған орайластырып жұмыс жасады. Экс-министрдің «Оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдарының  2010-2011 оқу жылдарына арналған тізімі» атты бұйрығында  аяқ астынан пайда бола кеткен «Ел-Рун » атты баспаның  аты да, заты да таңқалдырған жоқ. Себебі, ол жыл сайын  жаңадан бір баспа ашып, сол жылғы бюджет қаражаты игерілген соң жауып тастап отыруды конвейрлік жолға қойған болатын. Сондықтан «Ел-Рун » қайдан пайда болды, неге пайда болды, арнаулы дайындыққа ие мамандары бар ма еді, бар болса біліктілігі қандай, полиграфиялық базасы қандай еді, кітап шығаруда, оның ішінде мектептерге арнап оқулық дайындауда арнаулы сертификаты бар ма жоқ болса неге жоқ, бар болса оны қалай, қашан, кімнен алды, імдер кепілдік берді, осыған дейінгі жұмыс өтілі қандай, республика баспалары арасында беделі қандай, оқулықтармен айналысуға құқығы бар ма, жоқ па деген сауал ешкімді де қызықтырмады.  Бұл баспа ұсынып отырған «Қазақ тілі» пәні бойынша оқулықтардың сапасы туралы да сөз болған жоқ. Аталмыш  кешенге кірген «Стандарт »(?), «Бағдарлама», «Негізгі оқулық», «Мұғалім кітабы», «Тілдік тұғыр», «Әдебиеттік оқу кітабы», «Жұмыс дәптері», «Оқу сөздігі» деген секілді топтамалардың сапасы, әлбетте сын көтермейтін еді. Осы салады бұрыннан еңбек етіп келе жатқан тілші мамандардың ешқайсысына айтылмай, кеңесілмей, ақылдаспай астыртын жасалып, құпия дайындалып, бір-ақ күнде   мектепке тіке, төтеден жол тартқаны қалай? Осы сауалдардың жауабын бір білсе «Оқулық » орталығы ғана білетін еді. ның басшысы атышулы Алма Әбілқасымова   қарсылық көрсете қоймаған  секілді, себебі Әбілқасымова ол кезде «қазақта математиканы  менен жақсы білетін ешкім жоқ, мен мамандарды қырғыздан алдыртып, солармен бірігіп оқулық жаздым » деген сөзіне жақтастар іздеп әлек боп жүрді. Министр болса «ия, қазақта математик жоқ »дегенді үнсіз қоштап отыра берді. Ұлттық намыс, моральдық тазалық туралы әңгіме айтудың өзі артық. Қысқасы, Білім және Ғылым Министрлігіндегі «хан талапайдың» әбден қызған кезі еді. Арнаулы департамент мамандарын ешкім де тыңдаған жоқ. Сөйтіп, өткен оқу жылы «жер астынан жік шықты» дегендей  ғайыптан, тайып пайда болып, додаға қосыла кеткен «Ел-Рун » баспасының қоржыны  күтпеген жерден қампайып шыға келді. Бұрыннан осы салада жүрген баспалар аузын ашып далада қалды.       С.Нұрман, Қ.Қадашева, А.Алдаш, Н. Нұрман, Ұ.Асанова, Б.Ашықбаева, Қ.Барманбековалар дайындады делінген оқулықтар мен әдістемелік құралдар  қалайша адам айтса сенгісіз қысқа мерзімде жазылып, өндіріске жіберілгені түсініксіз. Авторлардың арасында шын ғалымдар да бар, алаяқтығымен танымал «өтірік ғалымдар» да жетерлік. Топ басындағылардың талант деңгейі, ғылыми қабылеті, моральдық бейнесі туралы қоғамдық пікірмен санасқан ешкім жоқ.  Білім және Ғылым Министрлігіндегі алаяқтардың неше түрін көріп ештеңеге таңқалмауға үйренген мамандардың өзі мына  жәйтке не айтарын білмей қалды. Неге бұл  «еңбектер » сараптамадан өтпеді, неге жалпыға бірдей қолданылып жүрген тәртіп аясында қолданысқа енбей, бірден сынақсыз-сараптамасыз айналымға түсе жөнелді, сапасы неге  арнаулы  тексерулерде қаралмады, ең бастысы оқулық үшін қаржы-қаражат департамент арқылы бөлінген бюджет ақшасының игерілуі қандай заңдық-құқықтық негізде жүзеге асты? Тағы бір таңқалдыратын жәйт — осы заңсыздықтар жөнінде кезінде  арнаулы департамент мамандарының дабылы Қазақстан Республикасының экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі тарапынан ешқандай ескерусіз, елусіз қалғаны. Әшейінде «Тоқал ешкісі ұрланса ұры тоғыз жылға сотталсын» деп үкім шығаратын әпербақан «фин.пол» Білім және Ғылым министрлігіне аттап аяқ та басқан жоқ. Мемлекет қаражатын есептеп отратын Есеп комитеті де «сыйлас құдаға» тиіспелік дегендей үнсіз қалды.

Нәтижеде «Ел-Рунның» өнімдерін мектептерге кеңінен тарату туралы нұсқаулардан соң аталмыш кітаптар 5, 6, 7, 8, 9, 10-сыныптар үшін «іздесе таптырмас құралдар» ретінде облыстық білім департаменттері арқылы сатыла бастады. Бұған дейін қолданыста келген оқулықтар мен арнаулы баспалар бір-ақ сәтте «Оқулық» орталығының  шешімімен шеттеп  қала берді. Орталық ойына келгенін істей ме, әлде Түймебайдың айтқанынан шыға алмай ма ол жағы  беймәлім. Қалай болғанда да шешім шығаратын  жалғыз орын аты жалпыға мәлім осы орталық. Бұл салада қай облыста, қанша дана кітап сатылды -мұны тек экс -министр мен оның сыбайластары ғана біледі. Белгілі топтың қалтасына түскен сол ақша түптеп келгенде  бюджет қаражаты екені әлі күнге ескерусіз келеді.

Білім және Ғылымның жаңа Министрі Б.Жұмағұлов мән-жәйді білетін секілді, алғашқы күндері «бұл неткен заңсыздық» деп ашу шақырып, қызметкерлер мен  мамандардан жауап ала бастаған еді, аздан кейін екпіні басылып қалды. Соған қарағанда, атышулы астыртын топ бұны да үндетпей тастағанға ұқсайды. Әлде жаңа министр өз кезегінде Ж.Түймебаев секілді өзінің сыбайластарымен бірігіп жекеменшік баспасын әзірлеп, туған-туыстарының, құда-жекжаттарының оқулықтарын дайындап әлек боп жатыр ма?

Ұйымдасқан топтың бары анық.Ұйымдасқан топтың не істеп жатқанын да  халық көріп отыр. Бірақ, оған қарсы не  істеліп жатқаны  көзге көрінбейді. «Балық басынан шіриді » деген рас болды ғой...

Шынында, Джонс ханым не ойлап кетті екен ?

М.Маманова, А.Алдашева.

Астана қаласы.

ҚР Білім және Ғылым экс министрі болған Жансейіт Түймебайға арналған бұл әнді әдетте  домбыраға қосып халық әні «Молдабайдың» әуенімен айтамыз:

«Әй,Түймебай,Түймебай,

Саудабаев екеуі ,

Бір байталға мінгені-ай.

Әй,Түймебай,Түймебай,

Айран ішкен құтылып,

Шелек жалаған тұтылып,

Күштінің арты тартқан диірмені — ай.

Саудабаев ол үшін Дүйім қорған секілді,

Дүйім қорған ішінде Жиын болған секілді.

Жиын соңы сауна деп,

Қиын болған секілді,

Соқыр атқа қотыр ат

Үйір болған секілді

Әй ,Түймебай,Түймебай,

Елді жерге қаратқан,

Санасы жоқ түйнек — ай».

«Абай-ақпарат»

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы