Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Әміржан Қосанов. 9 грамм

Дата: 16 февраля 2011 в 14:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Әміржан Қосанов. 9 грамм

Қадыр аға қайтқан күні жауған қар туралы

Әдебиетте әйдік деген қалды аты.

Ақындарсыз — Өмір лекер, қалжаулы.

Бір ай бойы қар көрмеді Алматы, -

Қадыр аға қайтқан күні қар жауды!

 

Тәнді орайды. Жырды орай ма ақырет?

Заманына айып емес, наз артты.

Ақ сөйлеуді білетұғын Ақын ед,

Осы қармен ауамызды тазартты.

Өзі таза жүретұғын Ақын ед,

Жүрісімен бұл Өмірді тазартты!

 

Өлең жазу — әр ақынның Ұлы ісі,

Кеткенінше жырын төкті, тынбады!

Басқаларға сабақ болды мұнысы -

Кадыр ақын иілмеді, сынбады!

 

Періштені ететіндей сырқатты

Билік деген, байлық деген бәле екен!

Бармаса да бастар жаққа тым қатты,

Тектілігін сақтап қалды Қадекең!

 

Ел жағында жүрген менің затымды ұқ,

Бәдкім менің мына ойым тосындау:

Бұл заманда мақтамауың — батырлық!

Мінезділік — ортақ хорға қосылмау!

 

Жаулап кеткен дала менен қаланы

Тексіздіктің болар ма екен тәмамы?

Өтті-кетті Абай ақын заманы, -

Орнады ғой сарай ақын заманы!

Орнады ғой малай ақын заманы!

 

Әр сауалға табылатын жауабы,

Шын ақынның өлең-жырын жаттап қал!

Ақын кетті. Оны білмей жауады

Ақ қағаздай өлең жазар аппақ қар...

 

Арасында сезім менен ақылдың

Жатқан жырды жастайымнан жаттадым!

Ақ қағазың — материалы ақынның,

Табиғаттың қолжазбасы — ақ қарың!

 

Не болса да көремін мен осы елмен -

Көре алмайтын, қызғаншақ һәм бақталас.

Аппақ қардай үстелдерде төселген

Не нәрсені көтермеді ақ қағаз?!

 

Аппақ қағаз ел үмітін ақтауда,

Өтті талай жанрлардың сынағы -

Бір адамды әсірелеп мақтауға,

Қалғандарын даттауға да шыдады!

 

Жыр оқымай бұл заманда бұзылды ел,

Оқырмансыз ақындарға — обал-ақ!

Маржан сөзбен өтірігі түзілген,

Талай арыз кете барды «домалап».

 

Ей, ақындар! Атақ үшін таласпа!

Қадыр-ғұмыр — бәрің үшін сол үлгі.

Нөмірі Бір Ақын еді Алашта,

Кімге тастап кетті сол бір нөмірді?

 

Алыптардың белгісіндей тау қалмақ,

Жұбатамын мен қазақты жылаған!

Қоштасқанда қос жанары жаутаңдап,

Сәби сынды жылап қалды Тұм-ағам!

 

Таудай болсын жас ақындар талабы,

Бүгін Муза қылмыңсуды доғарды!

...Дәнеңе емес тазарту бір қаланы

Айтпай кеттің, тазартар кім қоғамды?!

 

9 грамм

Шенділерге көрмепті ұнап Ақын,

Ақиқаттан асатын жоқ ізгі ұран!

Алпамсадай адамды құлататын

Оқ салмағы небәрі 9 грамм!

 

Ұлтсыздар жүр жамылып Ұлттың атын,

Сырты бүтін, түтін-ді — сол ішкі мән!

Ел тарихын бір сәтте күрт бұратын

Оқ салмағы небәрі 9 грамм!

 

Келер ұрпақ бәйгеден қалыспады,

Ақтарар ол құпияның дорбасын мың!

Алтын басты алаштың арыстары

Құрбаны боп кетті ғой қорғасынның!

 

Тірісіңдер, еске алар Халық барда,

Қайталаймын заманның ізгі ұранын:

Қорғасыннан мерт болған алыптарға

Мен алтыннан ескерткіш тұрғызамын!

 

Қайда кетті қазақтың қаһар шағы?

Шалқайып жүр шонжарбас шіріктері!

Көздеп, дәлдеп тасадан тапаншаны

Кім басады ажалды шүріппені?

 

Жүзі қара жауыздар күйрейді әмсе,

Келер ұрпақ қояды сан сұрақты!

10 грамға жетпейтін түйдей нәрсе

10 миллион қазақты қансыратты!

 

Құлазыған қуады құба белді,

Жарық фәни құпиясын соқыр ашқан!

Ескі әдіспен жығады Құлагерді

Заманауи Батыраш, Қотыраштар!

 

Қанға бөкті қолдары құрансыздың,

Арамзалар адалды бек тежеді.

Қайда кеттің дуэлі француздың,

Қазағымның қайдасың жекпе-жегі?!

 

Кім ұғынар көңілі алаңдыны?

Қарабеттің мойнында ортақ қарғың!

Қарақ жасау жамылып қараңғыны -

Қалыптасқан қадеті қорқақтардың.

 

Куәсі боп тарихи сын көштердің,

Тірі менен өліні тоғыстырам!

9 грамм жұмсаған қылмыскердің

Жетеді екен түбіне 9 грамм!

 

Өмір өзі озбырды оқшаулады,

Жайсаңдарды шығарып қол басына.

Кейде 9 грамдай оқ салмағы

Татиды екен бір атом бомбасына!

 

Жарамсақтық — жаныма жат ұстаным,

Зар заманның зауалын зеңгір еттім!

Тапаншадан басталған атыстарың

Дүмпуіне ұласар зеңбіректің!

 

Заман сотын мен әлі құрам әлі,

Дала бүгін қаһарлы, тау — ызғарлы.

9 грамм салмақты күнәлары

Жермен жексен етеді жауыздарды!

 

Қараңғыдан құтқарар жарық дер ем,

Алшаң басам жұртымның дүр бағында.

Аман-есен жүрермін Халық деген

Оқ өтпейтін қалқаным тұрғанында!

«Абай-ақпарат»

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы