Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Батыс Қазақстанда ауыз су тапшылығы жойылады

Дата: 16 февраля 2011 в 14:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Батыс Қазақстанда ауыз су тапшылығы жойылады

Батыс Қазақстанда ауыз су тапшылығы жойылады

Облыс тұрғындарын ауыз сумен қамту жө­нінде біраз жұмыстар ат­­қа­ры­лып жатқаны­мен, өңірде оған шөліркеп отыр­ғандар қатары азаяр емес.

«Егемен Қазақстан» газетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша тілшісі Темір Құсайын Батыс Қазақстан облыстық құрылыс басқармасының бастығы Қуаныш Мұхамбетқалиұлына:

– Сіз бұған не дейсіз?

– Аймақтағы ауыз су тап­шылығы биыл толық­тай жойылады деп айтсақ, ар­тық айтқандық болар. Де­генмен, биыл бұл мә­селеде үлкен істер мен жобалар қолға алын­бақ. Атап айт­қанда, «Таза су», «Ақ­бұлақ» бағдарла­ма­ла­ры бойынша биыл об­лыстың он ауда­нын­да сумен қам­тудың он бес нысаны салынып пайда­ла­нуға беріледі. Ауыл-аймақ­ты таза сумен қамту жұмыс­та­ры­на республикалық бюджеттен 1 млрд. 644 млн. теңге бөлінді.

Ауыл-аймақ­ты таза сумен қамту жұмыс­та­ры­на республикалық бюджеттен 1 млрд. 644 млн. теңге бөлінді.

Елбасы биылғы ха­лыққа Жолдауында «Қа­зақ­стан­дық­тарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәсе­лелері – халықтың денсау­лы­ғын жақсартудың аса ма­ңызды міндеті, сон­дықтан бұл біздің басым­дығымыз, – деп атап көр­сетті.

Ақжайық ауданының Мер­ген, Есенсай, Бударин ауылдарының 4469 тұрғы­ны таза су ішуге мүмкін­дік алады.

Аталған ауыл­дарға 49 шақырымдық су құбыры тартылады. Ал Бөкей орда­сының Сарал­жын ауылында өткен жы­лы басталған су ны­са­ны­ның құрылысы биыл аяқ­талады. Онда 28 шақы­рым­дық су құбыры тарты­лып, 1462 тұрғын ауыз сумен қамтылады.

Бөрлі ауда­нының Приурал, Жарсуат, Жаңақала ауданының Жаңа­қала ауылы, Жәні­бектің Жақ­сыбай, Зеле­нов­тың Погадаев, Қазта­лов­тың Қара­оба және Жұл­дыз, Қара­тө­бе­нің Хан­көл, Тасқаланың Тас­қала, Оян, Теректінің Шаға­тай ауыл­дарына таза су барады.

Сонымен қатар, биыл 14 су нысанының жоба­лық-смета­лық құжаттама­сын дай­ындау жоспарлан­ған.

По сообщению сайта Nur.kz