Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы және «KAZENERGY» қауымдастығы Астана қаласындағы қазақ-түрік лицейінде химия пәнінен кезекті ашық сабақ өткізді

Дата: 16 февраля 2011 в 18:20 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

16 ақпанда «ҚазМұнайГаз» ҰК  және «KAZENERGY» қауымдастығы Астана қаласындағы қазақ-түрік лицейінде химия пәнінен кезекті ашық сабақ өткізді.

Бұдан бұрын, 2010 жылдың қыркүйек айында хабарлағанымыздай, Лицей оқушылары үшін «ҚазМұнайГаз» — «KAZENERGY» оқу сыныбы ашылды, оған химиялық реактивтердің арнайы құралдары мен ақпараттық тақталар сатып алынды. Мұнда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ  мамандары және мұнай-газ саласының сарапшылары дәріс оқиды.

Мемлекет басшысының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік тілді дамыту мақсатында ұйымдастырушылар   қазақ-түрік лицейі оқушыларына қазақ тілінің орфографиялық сөздіктерін сыйлады.

2011 жылғы алғашқы бейіндік сабақты «Инвестицияның рентабельділігін зерттеу жөніндегі агенттік» жекеменшік мекемесінің  сарапшысы Олжас Байділдинов жүргізіп, теңізден мұнай өндірудің экономикалық, технологиялық және экологиялық аспектілері, сонымен бірге Мексика шығанағындағы экологиялық апат мәселелері туралы әңгімелеп берді.

Қазақ-түрік лицейі — халықаралық білім беру стандарттарына негізделген жоғары дәрежедегі оқу орны. Сабақ төрт тілде жүргізіледі: қазақ, ағылшын, түрік және орыс тілдерінде. Лицей түлектері оқуларын әрі қарай Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, Түркия, Қытай, Польша университеттерінде жалғастырады. Бұл жерде жаратылыстану-ғылыми бағыттағы пәндерге, сонымен бірге химия пәніне ерекше мән беріледі.

Ашық сабақтан кейін оқушыларға ұйымдастырушылар естелік сыйлықтар -күнтізбелер және арт-паннолар сыйлады.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы