Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Абайдың өлеңдері интерактивтік түрде шықты

Дата: 17 февраля 2011 в 09:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Абайдың өлеңдері интерактивтік түрде шықты

Озық жаңа технологияға негізделіп жасалған оқу-әдістемелік құралдың арқасында хакім Абай өнегесімен интерактивті түрде танысудың, дала данышпанының ілімдерін электронды түрде меңгерудің мүмкіндігі туындады.

Бұл жобаны белгілі абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының жетекшілігімен «Interactive Kazakhstan» компаниясы қолданысқа енгізді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында ұлы ойшылдың «толық адам» тұжырымдамасына сәйкес «баланың жақсы болмағы — жақсы ата-анадан, жақсы ұстаздан, жақсы құрбыдан» деген қағидасына негізделіп жасалған «Жақсы бала», «Жақсы ұстаз», «Жақсы ата-ана», «Жақсы құрбы-құрдас» атты жинақтардың «cөйлейтін» қаламсабы бар интерактивті нұсқасының және «Абайтану әліппесі» интеллектуалды оқу-әдістемелік кешенінің электронды нұсқасының тұсаукесері болды.

Аталмыш оқу құралдары 5-9 сынып оқушыларына арналған.

«Interactive Kazakhstan» компаниясының жоба менеджері Бижан Игенбаева:

— «Баламасы жоқ жаңа абайтану құралы жапондықтармен бірлесе отырып жасап шығарылды. Оқу-әдістемелік жинақтардың толық кешенінің бағасы шамамен 50 000 теңге көлемінде болады».

По сообщению сайта Nur.kz