Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

«Бірлігіміз жарасқан!» Ұлттық сыйлық иегерлері анықталды

Дата: 17 февраля 2011 в 09:01 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

«Бірлігіміз жарасқан!» Ұлттық сыйлық иегерлері анықталды

Бүгін қарапайым халық арасынан шығып, елжандылық, ерлік, қайырымдылық сынды игі істерімен қоғамға пайдасын тигізген азаматтардың есімі анықталды.

«Бірлігіміз жарасқан!» Ұлттық сыйлығының иегерін байқаудың қоғамдық кеңесі іріктеп алды.

«Бірлігіміз жарасқан!» Ұлттық сыйлығына іріктеу өткен жылдың сәуірінде басталған-ды.

200-ге жуық азаматтар, олар: дәрігерлер, баланы өрттен құтқарушы, спорт пен білімге қаржы құйған меценат, балаларға арнап кітап жазушы, жетімекті асырап алушы, қоршаған ортаны қорғау сынды әлеуметтік жобаны іске асырған жандар болып тізіліп кете береді.

Алексей Ломакин, «Бірлігіміз жарасқан» сыйлығын ұйымдастыру бастамашыл тобының өкілі:

— «Бірлігіміз жарасқан!» Ұлттық сыйлығына үміткер жандардың арасында қазақ тіліне арнап электронды оқулық құрастырған адамдар болды. Мен бұл ұсынысты қолдаймын. Өйткені, қазір біз мемлекеттік тілді оқуға ынтамыз артқан және бізге осындай оқулықтар аса қажет.

Ұлттық сыйлығына үміткер жандардың арасында қазақ тіліне арнап электронды оқулық құрастырған адамдар болды.

Ал бүгін құрамына еліміздің еңбек сіңірген қайраткерлері, ҮЕҰ өкілдері, журналистер енетін байқаудың қоғамдық кеңесі Ұлттық сыйлықтың жеңімпаздарын анықтады. Астана мен Алматыдай қос қалада өткен кеңестің онлайн отырысы әдеттегідей қызу өтті.

Бұл өте маңызды. Өйткені, біз тек қана кәсібилерді ғана емес, осындай адамды қолдауымыз керек

Бибігүл Төлегенова, ҚР Халық артисі, «Бірлігіміз жарасқан!» сыйлығы қоғамдық кеңесінің мүшесі:

— Бұл өте маңызды дүние. Өйткені, біз тек қана кәсібилерді ғана емес, осындай адамды қолдауымыз керек. Әсіресе, бала тәрбиелеуге алған адамдарды сосын дәрігерлер, қаншама адамның жанын сақтап қалған. Мен ойлаймын, адамдарға қанша марапаттасақ та көп болмайды.

«Бірлігіміз жарасқан!» сыйлығын марапаттау рәсімі наурыздың 3-і күні Алматы қаласында өтпек.

По сообщению сайта Nur.kz