Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Азық-түлік бағасын негізсіз көтергендер тиісті жазасын алады

Дата: 17 февраля 2011 в 09:01

Азық-түлік бағасын негізсіз көтергендер тиісті жазасын алады

«Нұр Отан» ХДП-ның ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракциясының кеңейтілген отырысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов азық-түлік бағасын негізсіз көтергендер тиісті жазасын алатынын айтты. 

2011 жылдың басында азық-түлік бағасы көтерілгеніне тоқталған К. Мәсімов, оның себебі — әлемдегі азық-түлік бағасының жаппай өсуіне байланысты екенін, сондай-ақ бәсекелестіктің талаптары дұрыс сақталмағандықтан болғанын атап өтті.

Осы орайда Премьер-Министр Елбасының тапсырмасы бойынша бұл мәселені шешу үшін шұғыл жұмыс тобы құрылғанын жеткізді.

Сонымен қатар Үкімет басшысы мемлекет тарапынан азық-түлік бағасының қалыптасуына ықпал ету күшейе түссе, бұл өз кезегінде азық-түліктің тапшылығына әкеліп соғатынын айтты.

«Егер де, бұл мәселе бойынша саудалаушыларды сәл қыса түссек, онда тауар жетіспеушілігі орын алуы мүмкін. Себебі, олар бар тауарды жасыра бастайды», — деді К. Мәсімов.

Осы орайда Премьер-Министр азық-түлік бағасы мәселесі жедел жоспарлар тұрғысында реттелетінін баса айтты. «Ұзақ мерзімді жоспарда біз экономиканың жалпы бәсекеге қабілеттілігін арттыра түсуіміз шарт», — деп түйіндеді К. Мәсімов.

По сообщению сайта Nur.kz