Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақтың дәстүрлі саятшылық өнеріне көңіл бөліне бастады

Дата: 17 февраля 2011 в 13:31 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қазақтың дәстүрлі саятшылық өнеріне көңіл бөліне бастады

Халқымыз ежелден өзінің та­биғатпен табыса алатын, тілдесе білетін қасиетімен танылған. Сондай табысудың бір түрі – жабайы құстарды, соның ішінде қырандарды баулып, баптай білу.

«Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданғалы бері қазақтың дәстүрлі саятшылық өнеріне көңіл бөліне бастады. «Қансонарда салатын бүркіт қайда, Құмай тазы, жүйрік ат жанға пайда» деп қиқулайтын ата-баба ісін жалғастырушылар қатары соңғы кезде көбейіп келе жатқандығы – қуанышты жайт.

Ел ішінде әлі де бар көнекөз қариялардың, осы өнерді ұмытпай жүрген адамдардың көмегімен, талап-тілегімен жастарды құсбегілікке баулитын «Жалайыр Шора» орталығының жұмыс істей бастағанына да ширек ғасыр уақыт өтіпті.

Биыл 14-ші рет өткізіліп отырған құсбегілер жарысы Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы «Көкбастау» ипподромында өтті.

«Сонар — 2011» республикалық жарысы екі күнге созылды. Айтулы мереке – Тәуел­сіз­дігіміздің 20 жылдығы тойланатын биылғы жылы өткізілген жарысқа Ақмола, Атырау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Алматы, яғни 7 облыстан 50-ге тарта құсбегілердің құрама командалары қатысты.

Сайыс аушы құстың аңға түсу шеберлігі, құсбегімен арақатынасы, шырға тарту, қоянға салу және түлкіге салу сияқты екі түрлі кезеңдерін қамтыды.

Дегенмен шешілмеген, қолдауын таппаған мәселелер аз емес. Мұның бәрі де Ұлттық спорт туралы Заң қабылданбай жүзеге аспайтыны ақиқат. Сондықтан да кие тұтар ұлттық құндылығымызға алдағы уақытта кең көңіл бөлінеді деген үміттеміз, – дейді Қыран фе­дерациясының атқарушы директоры Бағдат Мүптекеқызы.

Кие тұтар ұлттық құндылығымызға алдағы уақытта кең көңіл бөлінеді деген үміттеміз

Саятқа салатын құстарды түркі халықтары аушы (аңшы, аң алатын құс мағынасында) деп атайды екен. Кезінде құсбегілік хан, би, төре, батыр, сал-серілер саятының сәні, ермегі, ал орташалар мен жарлылардың күнкөріс көзі болған көрінеді. Құсбегілікте қолданылатын құстарды үлкен аушы құстар және кішірек қыран құстар деп екіге бөледі.

Бүркітті қазақ баласы «Дала сермендесі, көк тәңірі, аспан еркесі, құс төресі, қанаттылар ханы» деп әспеттейді.

Аушы құстардың жаратылыс ерек­шеліктері, дене мүшелерінің өз атаулары бар. Мысалы, бүркіттің аяғы (тегеурін, жембасар, шығым, шеңгел) төрт саусақтан және тұяқ, пышақ, көбе, без, табан, аяқ қышыры дейтін бөліктерден тұрады. Құс аяғының күшті болуы ондағы бұлшық ет, тарамыс, сіңірлер сүйекпен бірге біткендігімен байланысты. Құсбегі жабдықтары: бүркітші биялайы, шырға, балдақ, далбай, томағалар, аяқбаулар болатынын бұрынырақта естіп жүргенімізбен көзбен көрмеген едік.

Дүбірлі жарыс кезінде қанатын жайып, қомдана ұшқан қыран құсты тамашалаудың өзі бір ғанибет

Құсбегілердің додасында солардың бәрін ұстап көруге тура келді. Құсты баптаудың, қайырудың қаншалықты қиын шаруа екенін сезінгендей болдық. Саят кезінде аяққап, иыққап, таңдай ағаш, құндақ (құсбесігі), қауырсын тұяқтар, яғни т.б. қаншама қажетті және қосалқы құрал-жабдықтар керектігін ұғындық. Дүбірлі жарыс кезінде қанатын жайып, қомдана ұшқан қыран құсты тамашалаудың өзі бір ғанибет. Аңға шүйліккен кезде жылдамдығын төмен қарай екі есе арттырады екен. Төмен қарай құлдырай құлауды атам қазақ «сорғалау» деп атапты. Алғырлық пен тегеурінділікке баланған қыран құстың көк туымызда бейнеленгенінің өзі көңілге қуаныш ұялатады.

Екі күнге созылған доданың финалына 7 құсбегі жолдама алды. Бас жүлде үшін таласта «Түлкі алу» түрі бойынша құсбегілердің бірінші кезеңі өтті. Бұл жерде Алматы облысынан келген Қуаныш Исабеков пен Жасұлан Бүркітбайдың бүркіттері қырағы, жылдам әрі епті екендігін дәлелдеді. Нәтижесінде қос азамат­тың аушы құстарына 7 балл деген баға берілді. Алайда жарыстың аты жарыс, міндетті түрде жеңімпазды анықтау керек.

Сондықтан жеңімпазды анықтау үшін қосымша «қоянға салу» түрінен сайыс өткізілді. Нәтижесінде бабы мен бағы келіскендігін дәлелдеген Жасұлан Бүркітбайұлының бүркіті жеңімпаз атанды. Ал Қуаныш Исабеков екінші, Медет Шарипов (Алматы облысы) үшінші орынға ие болды.

 

Жасұлан Бүркітбайұлының бүркіті жеңімпаз атанды.

 

– Бүгін мен үшін ерекше күн, – деді бас жүлдені қанжығасына байлаған Жасұлан. – Алғаш рет республикалық жарыста бірінші орынды иелендім. Менің әкем Бүркітбай – атына сай азамат. Бүркітті баптаудың қыр-сырын толық меңгергендіктен мені осы спортқа баулыды. Бүркіт – ақылды құс. Аң аулап, тойып алған бүркіт 10-15 күнге дейін жем тілемейді. Тіптен бір айға дейін аштыққа төзімді келеді. Бүркіттің бар қасиеті оның жанарында. Көз аясы аумақты, өткір. Ол 30-50 жыл, бәлкім, одан да көп жасайды. Онымен 10-20 жыл аң аулауға болады. Дегенмен жыл өткен сайын қайраты кеміп, әлсірей береді.

Былтыр да осы жарысқа қатысқан едім. Жүлдеге ілінбегенім намысымды қайрады. Тағы құсты күтіп, баптап, жаттықтырдым. Енді, міне, төккен тер нәтижесін берді. Қаршыға түрі бойынша бас жүлдені Бауыржан Шернияз (Жамбыл облысы) қанжығасына байлады. Төрешілердің шешімімен екінші орындарды Ержан Ешметов (Жамбыл облысы) пен Баят­бай Өмірхан (Алматы облысы) өзара бөлісті.

По сообщению сайта Nur.kz