Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Сымбат Сұлуова. «Ондай композиторды көрсем көзім шықсын»

Дата: 17 февраля 2011 в 17:20 Категория: Новости культуры

Сымбат Сұлуова. «Ондай композиторды көрсем көзім шықсын»

Алтынбек Қоразбаевқа композиторлар Мұратхан Егінбаев пен Марат Ілиясов  «Аңсаған ауылым» және «Сарыарқа сазы» деген туындылардың тонын аударып, атын ауыстырып авторына айналды деген айып таққаны туралы хабарлағанбыз.  Жапа шегушілердің айтуынша, аталған әндерді Қоразбаев «Қызым, саған айтамын» және «Сарыарқа» деген атпен меншіктеп алыпты. Мәселенің ақ-қарасын анықтамақ оймен Алтынбек Қоразбаевқа телефон шалдық. Танымал туындылардың авторы болса сымсыз байланыстың арғы жағынан ақтарыла кетті.

Алтынбек Қоразбаев:

«Мұратхан Егінбаев пен Марат Ілиясовтың көксегендері маған қиянат жасап, шығын өтеп алу. Олардың айтқандары қып-қызыл өтірік, жала ғана. Кеше сотқа бардық. Сот төрағасы ел білетін адамдардың жаға жыртысып жатқаны көзге оғаш, мүмкін келісіп, татуласарсыңдар деп басу айтты. Қазақтың маңдайына біткен бұлбұлы Роза апамыздан айырылып қалдық, ал Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова бастаған өнер майталмандарының бәрі хат жазып, бұл әндердің менікі екенін дәлелдеу үстінде. Жалпы, музыкада бір-біріне әндердің ұқсас келуі кездесіп тұратын жағдай. Мәселен, XVІІІ ғасырда өмір сүрген Ғазиз деген халық композиторының «Ғазиз» деген әні Шашубайдың «Аққайыңынан» аумайды. Мен 1984 жылы «Сағындым Кенен атамды» деген әнімді шығарып, өзімнің пірім Нұрғиса Тілендивке орындап бердім. Сол кезде ол «Сары бала, әнің жақсы екен. Бірақ, әуені кішкене менікіне келіңкірейтін сияқты ма, қалай деді?!». Мен мүдірместен «Аға, сіздің «Қыз Жібек» фильміне арнап жазған әніңіз де Кененнің туындыларына ұқсайды емес пе» деп жауап қаттым. Мәселен, Кененнің «Базар-Назар» әніне Нұрғиса ағамыздың «Алатау» әні ұқсас. Көрдіңіз бе, музыкада мұндай ұқсастықтар болып тұрады. Алайда, мен ұрласам Тілендиевтен немесе басқа да ұлы композиторлардан «ұрлаймын». Өзгелердің туындысында шатағым жоқ. Олар маған он миллион көлемінде моральдық шығын төлесін деп отыр. Бұл дегенің қомақты қаржы емес пе?! Менің оларға ешқандай моральдық шығын сұрамай-ақ, қол ұшын берген кезім болған. Нұрғали Нүсіпжанов, Кеңес Дүйсекеев, Мыңжасар Маңғытаев секілді ел танитын композиторлардан және көптеген әншілерден хаттар түсіп жатыр. Еркін Шүкіманов деген дәстүрлі әншіміз бен Бекболат Тілеухан хат жолдапты. Олардың бәрін оқып, тізбелемей-ақ қояйын. Ал, хаттардың жалпы мазмұны Алтынбектен олар ұрламаса, Қоразбаев олардан ұрлайтын адам емес дегенге саяды. Композиторлар Одағы құрған комиссияда әні түгілі, атын естімеген адамдар отыр. Нұрбаев, Мұсағұлова, Андошев, Стригуцкий, Хусенов деген композиторларды естісем, құлағым керең болып қалсын. Сол себепті, олардың алдына мен бармаймын. Қайрат Байбосынов, Сәуле Жанпейісовалар  болса, әңгіме бөлек. Әлгі екі туынды «іштен шыққан балаларым». Сол себепті, оны ешкімнің қолына ұстата салмаймын»

Мұратхан Егінбаев, композитор:
«Мамандығым архитектор болғаныма қарамастан, жастайымнан әнге құмарттым. 1978 жылы Ақсу ауданында архитектор болып жүргенімде, «Аңсағаным, ауылым» атты туындым дүниеге келді. Бұл әнімді еліміздегі беткұстар дәстүрлі әнші Қайрат Байбосынов аттай қалап алды да, 1980 жылдан бастап өзінің репертуарына қосты. 1981 жылдың 23 тамызында «Тамаша» ойын-сауық отауының мерекелік концертінде ағамыз осы әнді орындады. Сол жылы қараша айында Қайрат ағамыздың даусымен «Қазақ» радиосының алтын қорына да енген болатын бұл ән. Бірақ, 1992 жылы осы әнге Даулетбаев деген ақынға сөз жаздырып, «Қызым, саған айтамын» деген атпен Алтынбек Қоразбаев тіркеп қойыпты. 19 жыл бойы осы әнге қаламақы алып, осыншама жыл менің әнімді заңсыз пайдаланып келген. Бұл менің жақындарым мен сыйласатын жандардың маған күмәнмен қарауына жол берді. Өзім көптен бері тартынып, батпай жүр едім. Бір күні Марат Ілиясов телефон шалып, Алтынбектің одан да ән ұрлағанын айтты. Осыдан соң, бел шешіп,кірісіп кеттім. Композиторлар Одағы 18 кәсіби композитордан тұратын комиссия құрып, Алтынбек Қоразбаевтың шектен шығып кеткенін есіне салдық» .

Марат Ілиясов, композитор:

«Қазір ән ұрлау қанатын кеңге жайып барады. Сенің әніңді ертең теледидардан басқа біреу еншілеп алып жатса, таңқалмайтын болдық. Бірақ, бұл үрдіске тосқауыл қою керек. Құрамына 18 адам кіретін комиссия менің әнім мен Алтынбек Қоразбаевтың әнін салыстырып, бүге-шүгесіне дейін тексерді. Тексеру барысында «Сарықара сазы» деген туындының менікі екенін дәлелдеп шықты. Олардың барлығы кәсіби мамандар, қателеспейді деп ойлаймын».

www.masa.kz сайты

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы