Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Әли Секел. Шыңғыс ханның сүйегі Қоңыр Әулие көлінде ме?

Дата: 18 февраля 2011 в 01:50 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Әли Секел. Шыңғыс ханның сүйегі Қоңыр Әулие көлінде ме?

Ғасырлардың талқысына түсіп келе жатқан жұмбақтың бірі — Шыңғыс ханның жерленген жері. Аңыз бойынша ол жерленген жермен мыңдаған жылқы айдап өтіп, жерлеу рәсіміне куә болғандардың бірі қалдырылмай өлтірілген дейді. Ал ол жердің қайда екенін тап басып ешкім айта алмайды. Біреулер қазіргі Қытайдың аумағында десе, енді біреулер Сарыарқада дейді, кейбір ғалымдар моңғолдың ұшы-қиырсыз даласында дейді.

Жақында Сергей Афанасьев деген тарихшы аңызға мүлдем қайшы келетін өз болжамын ұсынды дейді Экспресс К. Ол Шыңғыс хан секілді тұлғаны қарапайым адам тәрізді жерге көміп, оның үстінен жылқы айдап өтті дегенге сену қиын дейді.

Жақында Абай ауданындағы Шыңғыстауды аралап, жер астындағы Қоңыр Әулие көлінде болып қайтқан ғалым өз болжамына жергілікті ақсақалдардың әңгімесін тірек етіп отыр. Көнекөздер Шыңғыстаудың биік төбелерінің бірінде Шыңғыс ханның ақ киізге отырғызылып хан сайланғанын айтыпты. Сондай-ақ, ақсақалдар Шыңғысханның мәйіті Еуразияның кіндігі саналатын Жидебайдың маңайында дегенге ғалымды бек сендіріпті. Айтпақшы, Жидебайдағы Абайдың қыстауына жақын жерге жер кіндігі деген белгі қойылған.

Осы маңайдағы Ақтас туында Қоңыр Әулие деген үңгір бар. (Мұны Баянауылдағы Қоңыр Әулиемен шатастырмағандарыңыз жөн. Екі үңгір де қасиетті саналады. Екеуінің де неге бірдей атауға ие екенін ешкім зерттемеген тәрізді — авт.) Жартастардың арасындағы жарылған жіңішке жолмен ішке кіресіз. Жүре берсеңіз төмендегі терең көлге жетесіз. Ондағы су қасиетті саналады. Жыл сайын көктем-жаз айларында мұнда тәу етіп келуішлер тым көп. Көлге емделушілерді әкеліп пайдаға қарық болып жүрген емшілер де аз емес. Жергілікті аңызға сенсек ені он бес метрлік терең көлдің түбінде жасырын есік бар екен. Сол арқылы келесі үңгірге өтуге болады. Дәл сол жерде Шыңғыс ханның сүйегі жатуы мүмкін.

Үңгірге келушілердің барлығы да жолжөнекей аңызды естіп біледі. Көл басына жетіп тәу етер кезде құлшылықты үн-түнсіз атқаруға тырысады. Өйткені әлемді билешінің тыныштығын бұзып алудан қорқады. Емделушілер шынымен де үңгірге кіргеннен-ақ бір тылсымды сезетіндерін айтқан.

Мұның бәрі әзірге ешқандай ғылыми тұжырымы жоқ аңызға арқа сүйеген әңгімелер. Дегенмен, таңғажайып оқиғаларға тап болғысы келетіндерге таптырмайтын тақырып секілді.

www.masa.kz сайты

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы

Читайте также