Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Айбын Ақпатша. Кузьменко қазақтан қандай қиянат көрген еді?

Дата: 18 февраля 2011 в 02:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Айбын Ақпатша. Кузьменко қазақтан қандай қиянат көрген еді?

Ел аман, жұрт тынышта  «жау шаптылап» мәлімдеме жасамаса тұра алмайтын «Лад» республикалық славяндық қозғалысы президенттік сайлау қарсаңында бұрынғы әуеніне тағы басты.

«Русские в Казахстане» сайтына (www.russians.kz) сұхбат берген аталмыш қозғалыс төрағасының орынбасары Петр Кузьменко «Қазақстандағы орыстар кімге дауыс беруі мүмкін?»  деген журналистің сауалына былай деп жауап қатады: «...Но и в отношении президента Назарбаева (үміткерлігіне) обольщаться не стоит. В 2005 году мы уже за него голосовали, с единственной надеждой — не было бы хуже. Главное — не хватайте нас за язык и тем самым не ограничивайте в правах. И что же мы, русские, имеем на сегодняшний день? А имеем мы властный тренд на сворачивание сферы русского языка, тотальный перевод делопроизводства на казахский язык, тихушный процесс «латинизации»... Все пошагово, и все — в сторону этнократий...»

«Лад» басшысының сөздерінен түсінгеніміз, президенттікке үміткерлердің бірде-бірі оның көңілінен шықпапты. Себебі, олар билікке келсе, орыстар мен орыстілділерге ойран салады-мыс. Құдайға тәубе, Қазақстанда Мәскеу мен Санкт-Петербург көшелеріндегідей шаштарын тықырлап, өзге ұлттың өкілдеріне тістерін қайрап, өктемдік жасап жүрген, тоқпақтарын ала жүгірген әсіреұлтшылдарды кездестірмейсіз. «Ресей — орыстар үшін!» деген ұранның «Қазақстан — қазақтар үшін!» деген баламасын да естімейсіз. Олай болса, татулықты ту етіп ұстанған Президент Н.Назарбаевтың билігі тұсында Кузьменко кімнен, қандай қиянат көріпті?!

Қазақтың мүддесіне келгенде кежегесі кейін тарта қалатын ладтықтардың лаңына құлағымыз үйренгелі қашан?!. Бірақ Кузьменконың осы жолғы күңіренуінің сұрқы бөлек сияқты. Бұрындары басқарушы биліктің әрекетін қанша ғайбаттаса да, оның сөздері нақты бір адамның «адресіне» емес, «тисе терекке, тимесе бұтаққаның» кебімен жалпылама жолданып жататын. Сөйтсек, Елбасының жуырда ғана Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтылған бірқатар мәселелер Петр Николаевичтің шыдамын тауысып, шиқанының аузын жұлып кетіпті. Әйтпесе, «Лад» басшысы: «...Президент Назарбаев в последнем своем послании народу повторил своего министра, главного идеолога казахского нацстроительства Кул-Мухамеда. Цитирую: «Наша задача состоит в том, чтобы к 2017 году число казахстанцев, овладевших государственным языком, дос-тигло не менее 80 процентов, а к 2020 году — не менее 95 процентов». Без комментариев», деп шорт кесер ме еді?!

«Русские в Казахстане» сайтындағы осы сұхбатты оқи отырып, Қазақстандағы орыстар мен орыстілділердің билік тарапынан езгіге ұшырап отырғаны, кинопрокатқа қазақ тілін енгізу қолға алынғаны, «шетелдік» спутниктік телетаралымға қарсы күрес басталғаны» Кузьменконың жүрегін жаралағанын аңғардық. Қай жерде жайлы өмір бар екенін ойша іздестіріп жүрген жандай, ол  Қазақстан мен Қырғызстандағы орыстардың жай-күйін де салыстырған. Екі елде де «казахизация» мен «киргизизация» науқаны қызып тұрғанын, коррупция қаулағанын, «агашка»-лар, «радикалный националис»-тер бар екенін айта келіп сөз соңында «Хотя, я бы сказал, в Киргизии дела обстоят получше, чем в Казахстане» деген қорытынды жасапты. Сірә, Қазақстанда тыныштықты бұзуға құмартып жүргеніне қарағанда, Кузьменкоға Алатооның ар жағындағыдай аласапыранда өмір сүру ұнайтын болса керек?!

Айтпақшы, Кузьменко соңғы он жыл ішіндегі Қазақстандағы орыстардың қатары 15 пайызға азайып кеткенін, «ең соңғы орыс мамандары мен кәсібилерінің кетіп жатқанына қазақ билігі алаңдамай отырғанын» айтып мұңын шағады. Басқасын қайдам, мәселе қазақтың мүддесіне тірелгенде аттандап қарсы шығатын Петр Кузьменко секілділер «кетем» деп жұлқынып жатса, қазақ билігі де, қазақ халқы да етегінен басып тоқтатпайтындығына бек сенімдіміз. «Тамағын ішіп, табағын тепкенді» қай жерде де сыйлай қоймайтыны анық!

«Нұр Астана» газеті

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы