Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Алмас Манап. Азиаданың күміс жүлдегер вагонда тұрады

Дата: 18 февраля 2011 в 02:20

Алмас Манап. Азиаданың күміс жүлдегер вагонда тұрады

Біз Азиадада 32 алтын, 21 күміс, 17 қола алдық деп мақтанамыз-ау. Сол күміс пен қола жүлде иегерлерінің бірі Радик Жапаров 10 жылдан бері қысы-жазы вагонда тұратынын білесіз бе? Азиададан кейін Радикке ел спорты тізгінін ұстаған басшылар немесе Алматы қаласы әкімдігі пәтер кілтін беретін шығар деп ойлағанбыз. Сөйтсек, бермек түгілі спортшыны арнайы құттықтаған спорт функционері немесе атқамінер болмаған екен. Бұл жайт Радикпен әңгімелескенде белгілі болды.

— Радик, алдымен әңгімемізді Азиададан бастасақ. Аламан сынға қалай дайындалдың?

— Азиадаға дейін құрама мүшелерімен алты адам болып оқу-жаттығуды көбіне Еуропа елдерінде өткіздік. Дайындығымыз жаман болмады. Әттеген-айы, елімізде өткен додада жаттығу кезінде бағындырып жүрген қашықтықты қайталай алмадым.

— Азиадада қай жүлдеден үмітті едің?

— Әрине, бас жүлдеден.

— Апта бойы Астана мен Алматыда өткен жарыс өзіңе ұнады ма?

— Сөз жоқ, керемет! Мен Олимпиада мен  Әлем чемпионаттарында өнер көрсеттім. Ешбір елде дәл мұндай деңгейде жарыстың ұйымдастырылуын көргенім жоқ.

— Радик, сенің көрсеткіштерің үнемі ауытқып тұратын сияқты. Бұны немен түсіндіресің?

— Сөзіңіздің жаны бар. Өйткені, жоғарыда айттым ғой, жаттығу кезінде Азиадада бас жүлде алған Евгений Левкиннің көрсеткішінен де жоғары нәтижені бағындырып жүргенмін. Жарыс барысында қобалжыдым ба, не болғанын білмей қалдым.

— 2006 жылы Турин олимпиадасынан кейін сені Италия құрамасына өнер көрсетуге шақырғанын білеміз. Сол ұсыныстан неге бас тарттың?

— Отандық шаңғымен тұғырдан секіру федерациясы маған көп қаржы жұмсалғанын айтып, келісім бермеді. Әйтпесе, итальяндықтар жоғары жалақы мен әр жарыс сайын сыйақы береміз деп ұсыныс жасаған еді. Тіпті, Италиядан пәтер алып береміз деген-тұғын. Әттең, сол кезде жағдайым осылай болатынын білгенімде, ешкімнің сөзіне қарамастан «Италия, қайдасың?!» деп тартып кетер едім.

Алматыдағы жағдайың қалай?

— Мен Алматының нақты тұрғыны емеспін. Тұратын жерім — вагон.

— Сол кездегі құрама бапкері Дионис Воднев екеулеріңнің араларыңдағы жағдайды айтып бересің бе?

— Федерация басшылары жиналып, бас бапкерді сайлау кезінде сол кездегі сайланған Водневке мен қарсы дауыс бердім. Воднев бапкер болатын болса, спортшыларымыздың деңгейі төмендейтінін жеткіздім. Жиында ешкім маған құлақ аспады. Ал бапкер болған Дионис Воднев келесі күні-ақ мені құрамада қалдырмайтынын айтты.

— Сенің айтқаның дұрыс келіпті. Дионис Воднев екі жыл бойы түк бітіре алған жоқ. Бұрынғы бапкер қазір қайда жүр?

— Білмеймін. Білгім де келмейді. Соның кесірінен үш жыл құрамаға алынбадым. 2010 жылы Ванкувер олимпиадасында да өнер көрсете алмадым. Арасында қаншама Әлем чемпионаты мен Әлем кубогынан қалыс қалдым. Осыдан кейін ондай адамды сыйлауға бола ма?!

— Ал қазір құрамада жағдайың қалай?

— Жағдай бір қалыпты. Бапкер де өз білгенін үйретуде. Алайда, бізге отандық бапкерден гөрі шетелдіктерді шақырған дұрыс болар еді.

— Неге?

— Өйткені, тұғырдан секіру спорты бо-йынша дамыған мемлекеттер Германия, Норвегия, Австрия бізден 30-40 жылдай алда. Міне, сол елдің тым болмағанда орта деңгейдегі бапкерін шақыра алсақ, сонда ғана өзгерістер болып, үздіктер қатарынан көрінуге мүмкіндік болар еді.

— Бұл мәселе бапкерге емес, спортшыларға қатысты емес пе?

— Жо-жоқ, ол қате пікір. Өйткені, құрама спортшылары бапкердің барлық айтқандарын бұлжытпай орындап келеді. Әйтсе де, нәтиже жоқ. Тұғырдан секіру спорты бойынша дамыған мемлекеттерден уақытша болса да, бапкер шақырсақ қателеспес едік.

— Отбасын құрдың ба?

— Құруын құрдық қой, бірақ, жағдайымыз мәз емес.

— ?

— Енді қалай деп жауап берейін. Өзім вагонда тұрып жатырмын. Әйеліме жағдай жасай алмағандықтан, ол өз үйінде.

— Федерациядан алатын жалақың тым мардымсыз ба?

— Бар-жоғы 75 мың теңге.

— Азиададан кейін саған ешкім пәтер береміз деп уәде еткен жоқ па?

— Жоқ, ондай қайырымды жандар болса ғой, шіркін!

— Алдағы жоспарың қандай?

— Бүгін Әлем чемпионатына жол тартамыз. Сол дүбірлі сында үздік 20 спортшының қатарынан көрінуге тырысамын.

— Басты арманың?

— Менің ең басты арманым — баспана. Қазір тұрған жерімді көрсеңіз, шошисыз. Құрылыс нысанының жанында орналасқан вагонда тұрамын. Суды тасып ішемін, отты өзім жағамын. Неге жылай береді деп тұрған шығарсыз? Бірақ, бұл — шындық. Сондықтан спорт басшылары болсын, қала әкімшілігі болсын мен олардан тегін үй емес, тым болмаса ипотека немесе несиеге пәтер алуға көмектессе болғаны. Бар сұрайтыным осы.

P.S. Азияның мықтысы вагонда тұрады. 10 жылдан бергі тұрағы сол. Парадокс. Шетелден «келімсек» спортшыларды шақырып, асты-үстіне түсуден алдына жан салмайтын Қазақ елі отандасына 30 шаршы метр пәтер қимағаны әлі күнге дейін түсініксіз. Көк байрақтың астында халықаралық турнирлерде биіктен көрінген спортшы болашақта баспана алуға көмек қолын созатын жандар табылып жатса, арманы орындалатынын жеткізді. Қияға самғаған Қазақ баласының арманын орындауға Азиадада алдына ел салмаған мемлекеттің шамасы келмей ме?

Түпнұсқадағы тақырып: «Күміс жүлдегер вагонда тұрады»

«Нұр Астана» газеті

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы