Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Бүкіл әлем мойындаған эпос кітап түрінде басылып шықты

Дата: 18 февраля 2011 в 11:11 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Бүкіл әлем мойындаған эпос кітап түрінде басылып шықты

Рухани оқулықтар көбеюде. Қазіргі қоғамның назарын рухани-адамгершілікке, әлеуметтік, мәдени және ағартушылық сарындағы басылымдарға аудартуды еліміздің тұңғыш Президенті қоры соңғы кездері мықтап қолға алған.

Аталған қордың бастамасымен 3 бірдей кітаптың тұсауы кесіліп, оқырмандарға жол тартты.

Алғашқы кітап Мұхтар Әуезовтың «Манас» кітабы. Атақты манастанушы Сағымбай Оразбақовтың орындауындағы қырғыздың «Манас» жырының нұсқасы арналған.

Қазақтың ұлы классик жазушысы Мұхтар Омарханұлы Кеңес өкіметінің қылышынан қан тамып тұрған қатаң заманға қарамастан, халықтық эпосты түбегейлі қорғап шыққан. Манас жыры бүкіл әлем мойындаған эпос.

Мұрат Әуезов, мәдениеттанушы:

— Қазақ-қырғыздың, әсіресе мына жаңа жағдайда, ОртаАзиялық ынтымақтың қажет кезінде бұл кітаптың шыққаны Президент мәдениет орталығының үлкен азаматтық, саналы ісі деп білемін.

Манас жыры бүкіл әлем мойындаған эпос

Жиындағы тағы бір тұсауы кесілген кітап, ол опера вокалының әлемге танымал белгілі педагогы, профессор Марио Меланидің «Вокал туралы қысқаша сөйлесейік» атты шығармасы. Аталмыш оқулық отандық музыка мамандарының орындаушылық деңгейін көтеруге таптырмас дүние, — дейді еліміздің сахна шеберлері.

Бибігүл Төлегенова, КСРО халық артисі:

— Мен бұл кітаптан көп нәрсені байқадым. Консерваторияны бітіріп, жаңа жұмыс бастап жатқан жас әншілерге және ұстаздықпен жаңа шұғылдана бастаған оқытушыларға қажет оқулық. Кітапта барлығы қарапайым тілмен ұғынықты жазылған.

Дариға Назарбаева, ҚР Тұңғыш Президенті қорының директоры:

— Марио Меланидің бұл шығармасын біз міндетті түрде алдағы уақытта қазақ тіліне аударамыз. Сондықтан ерекше жазылған оқулық вокал, педогогикада, әншілік мектепте өнераздарымыз үшін өте қажет. Мұны оқыған болашақ ұрпақ арасынан Бибігүл Төлегенова, Шахмардан Әбілов, Әлібек Дінішов, Ермек Серкебаев сынды өнер саңлақтарымыздың шығарына сенімдімін.

Сондай-ақ, ұйғыр халқының белгілі жазушысы Машур Жалиловтың еліміздегі халықтардың этникалық және мәдени сан алуандылығы мен ерекшелігін көрсететін шығармасы жарыққа шықты.

Айта кету керке, бүгінге дейін Тұңғыш Президент қорының демеушілігімен 40-тан астам сан-саладағы кітап жарық көріп, оқырмандарға тарту етілген.

Тұсаукесер соңында өнер иелері вокалды туындылар орындады.
 

По сообщению сайта Nur.kz