Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Кеншілер Азаматтық кодексіне өзгерістерді енгізуді тілек етті

Дата: 18 февраля 2011 в 19:11 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Кеншілер Азаматтық кодексіне өзгерістерді енгізуді тілек етті

Қарағанды өңіріндегі кен орындарында жұмыс істеп, денсаулығына келтірілген зақым арқылы жұмыстан шығуға мәжбүр болған кеншілер өз құқықтарын заң арқылы қорғау жолында талап-талпыныстарын жалғастыруда.

Соңғы бірер апта бойы ел арасында «регресшілер» атанған аталмыш топ Азаматтық кодекстің бірқатар баптарына өзгерістер енгізу керектігін тілге тиек етіп, Парламент пен Үкіметке ұсыныстар жасауда.

Апта басында Қарағандыдағы Көмір департаменті ғимаратының алдындағы алаңқайда жиналған кенші-регресші­лер облыс басшылығының қолқалауымен қа­ланың Қазыбек би аудандық әкімдігі ғимаратына бас сұғып, мәжіліс залында басқосу өткізді.

Елуден астам регресші жиылыс барысында қол жинап, өз талап-тілектерін жоғары жаққа жолдады.

Кеншілердің Көмір департаменті қарсысындағы алаңда болмақшы «кездесу», ашық аспан астында өткізілмекші болғандықтан, бейресми ауданда үйлес­тірілуі мүмкін еді. Ал әкімдік ғимара­тындағы жиылысты облыс әкімінің орынбасары Төлеутай Рахымбеков өзі ашып, жүр­гізіп отырды. Әкім орынбасары жа­қын­да ғана Парламентке сайланған жергілікті депутаттармен кездесіп, осы мәселе бойынша ұйымдастырылып жатқан нақты шаруалар жақын болашақта бір шешімге ұласатынын тілге тиек етті.

Ал регресшілердің бастамашыл тобы Азаматтық кодекстің 943-бабын толық­тай өзгерту керектігін ұсынуда

Ал регресшілердің бастамашыл тобы Азаматтық кодекстің 943-бабын толық­тай өзгерту керектігін ұсынуда. Кешегі кеншілер үш жыл бойы осы баптың өзгертілуі керектігін алға тартып келеді. Кейінгі кездерге дейін Кодекстің осы бабымен «күресіп» келе жатқан регресшілер бұл 943-бапта еңбек орнында болған оқиға салдарынан мүгедек боп қалған жандарға төленетін төлемақы айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты көбейетініне наразылық білдіретін.

Регресшілер жәрдемақы, төлемақы көлемін инфляция деңгейіне қарап есептегенді дұрыс көріп келген-тұғын.

Ал жақын күн­дері бастамашыл топ аталмыш баптың «аса нашар еместігіне» көз жеткізді. Атал­мыш баптың тағы бір тармағында рег­рес­шілерге берілетін төлемақы тек ай­лық есептік көрсеткішке байланысты ға­на емес, елдегі жалақының ең төменгі шекті көрсеткішіне байланысты өсіріліп, не төмендетіліп отыратыны реттелетін 283-бапқа сілтеме жасалғаны жазылған. Жал­пыға белгілі мәліметтерге сүйенсек, соң­ғы онжылдықта елдегі айлық есептік көр­сеткіш рет-ретімен екі-үш мәрте еселеніп өсірілген-тұғын, ал жалақы көлемі одан да артық еселене өсіп, қазіргі төменгі жалақы он жыл бұрынғыдан алты есе артық.

Кеншілердің айтуынша, Азаматтық кодекстегі баптарды өз ыңғайларына қарай бұрмалап алатын жұмыс берушілер түрлі «құйтырқылықтар» жасайды. Мәселен, аталмыш бапта мүгедектігі бойынша жұмысқа жарамсыз деп танылып, жәрдемақы, өтемақы алуға тиісті жандарға берілетін дәрі-дәрмек туралы айтылмаған. Оған қоса, өтемақыдан ұсталатын алым-салық та жұмыс берушіден емес, мүгедек жаннан ұсталатын сыңайлы. Осы жағдаяттардың анық-қанығына жетпек болған регресшілер өз кезегінде жоғары жаққа ресми ұсыныс хат жазумен бірге, аймақтағы алпауыт жұмыс беруші «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы басшылығын сотқа бермекші. Кешегі кеншілер аталмыш компанияны бұдан да бұрын бірнеше мәрте сотқа берген болатын. Тек Л.Миттал иелігіндегі шахталар орналасқан Шахтинск қаласы аумағы бойынша сотта жеңіске жеткен шахтерлер, компанияның Қазақстандағы негізгі кеңселері орналасқан Теміртау қалалық сотында жеңіліске ұшырай береді екен.

«АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы басшылығын сотқа бермекші

Қалай болғанда да, кешегі кеншілер өтпелі кезеңдегі ереуіл сынды наразылық акциясынан гөрі, заң мен нақты сауатты талаптар арқылы өз кем-кетіктерін толтыруға тырысуда. Тек өтемақы мен жәрдемақы арқылы кемшіні толар кеншінің тәніне түскен кемістік ешқашан толмайтыны анық...

Төлеутай РАХЫМБЕКОВ, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:

– Біз қай уақытта болсын, кеншілермен, оның ішінде кешегі кеншілермен бір бағытта ізденістер ұйымдастырамыз. Заңдағы айтылған жайттардың нақты орындалысына өзге де құзырлы орган­дармен бірге қадағалау жасаймыз. Жа­қында қарағандылық кеншілердің Пар­ламенттегі сенім артар өкілдері – де­путаттарымыз В.Нехорошев жә­не М.Тіні­кеевпен осы мәселелер төңі­ре­гінде бірқатар әңгіме өрбіттік. Парла­мент­те осы мәселеге байланысты арнайы жұмыс тобы құрылып, талдау жүр­гізілмекші. Біз регресшілерді далаға тас­тамаймыз...

Сергей БАЖАНОВ, регресші:

– Қарағанды аймағындағы регресші кеншілердің көпшілігі – «АрселорМиттал Теміртау» компаниясында жұмыс істеген азаматтар. Ал аталмыш кодекстегі баптарда айтылған жайларды біздің өмірімізге залал келтірген компания толық қолға алмай отыр. Жұмыс беруші заңның өзіне керекті жерлерін ғана оқиды. Біз де өз кезегімізде жұмыс беруші мен заңның орындалысын қада­ғалайтын органдарға сеніп келгенбіз. Енді өз ізденістеріміз арқылы басқа талаптарды да алға тартып отырмыз...

По сообщению сайта Nur.kz