Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қызылорда қаласын су алды

Дата: 18 февраля 2011 в 23:00 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қызылорда қаласын су алды

Бүгін аудан тұрғындары біздің арнамызға үйлерінің ауласын су алып жатқанын хабарлады. Олардың айтуынша соңғы бір айдан бері ағын су көпқабатты және жеке үйлердің ауласына тіпті көшелерге дейін барған.

Бұл бірінші кезекте көлік қатынасына кедергі келтіріп отыр. Кей кәсіпкерлер осы жердегі жеке өндірістік базарларда жұмыс жүргізе алмай отыр. Олар көліктері мен қажетті техникаларын басқа жерге көшіріп әкетуге мәжбүр болған.

Ал дарияның бойындағы баспаналардың іргесі құлап, жер асты сулары тіпті үй ішіндегі едендерге дейін жеткен.

Тұрғындар көше бойлай аққан су жер астынан емес, су құбыры ақуаынан шығып жатыр десе.

Бұған жауапты мамандардың берген жауабы – құбырлар қалыпты жұмыс жасап тұр, оған қоса Сырдария өзенінің жағалауы қорғаныс бөгеттерімен мықты бекітілген. Барлық мәселе дарияның көтерілуі салдарынан жерасты суының жылдағыға қарағанда көп болуынан туындап отыр.

Дарияның көтерілуі жерасты суының жылдағыға қарағанда көп болуынын салдарынан

Ақмарал Назарова, қала тұрғыны:

— Қазір мына моторды өшіріп тастасам су үйіме кіріп кетеді. Осы мотормен отырған үйімнің астындағы су деңгейін бір деңгейде ұстап тұр.

Жадыра Несіпбаева, кәсіпкер, қала тұрғыны:

— Жүретін жол болмай қалды. Машинамыздың көліктердің бәрі сыртта трассаның бойында қалып жатыр. 1,5 айдан бері жұмысыма кедергі жасап тұр.

Болатбек Бітімбаев қала тұрғыны:

— Осы судың бәрі төменге қарай біз жаққа Рисмаш районы сай ғой бұрынғы дарияның табаны ғой. Осылай қарай ағып жатыр.

5 күннен кейін қаланың батыс мөлтек ауданына ағып жатқан су көлемі азаяды

Ерлан Төралиев, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары:

— Ол су жердің астынан шығатын су. Өйткені ол үйлер біздің дарияға өте жақын орналасқан кезінде 98-2000 жылдары тұрғын салуға қала әкімдігі тұрғындарға жер бөлген. Скл ол суды тоқтату қазіргі таңда мүмкін емес.

Осы мәселеге қатысты қала әкімдігі мынадай қосымша ақпарат берді.

11-ақпаннан бастап Шардара су қоймасынан Сырдария өзеніне жіберілетін су секундына 500 текше метрден 250 текше метрге дейін азайтылды.

Демек жақын күндері Қызылорданың тұсындағы дария деңгейі төмендейді. «Шамамен 5 күннен кейін қаланың батыс мөлтек ауданына ағып жатқан су көлемі азаяды. Соған сәйкес көшелер мен аулаларға жиналған ағын су насостармен сорып алынады», — дейді қала басшылығы.

По сообщению сайта Nur.kz