Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Бүгін Алматы көшелері мұз айдынына айналды

Дата: 19 февраля 2011 в 00:10

Бүгін Алматы көшелері мұз айдынына айналды

Бүгін Алматы көшелері мұз айдынына айналды

Алып шаһар мұз айдынына айналды.

Құлап, жарақат алған тұрғындардың саны әдеттегіден екі есе көп.

Күні бойы ауруханалар мен жедел-жәрдем көрсету мекемелері күшейтілген режимде жұмыс істеді.

Тайқанақтап жолда әрең жүрген көліктерді тізгіндеуге жүргізушілер қауқарсыз. Көк тайғақ мұзда жолынан жаңылғандар көп.

Қала көшелерін айтпағанда, қалалық әкімшіліктің алды да мұз айдыны іспетті. Тұрғындар әупірімдей өтуде. Құлап, мертіккендерде есеп жоқ. Жедел жәрдем үлгере алмаған соң бір-бірін сүйемелдеп, дәрігерге келіп жатқандары да бар.

Орталық аурухананың жарақат бөлімінде бүгін абыр-сабыр.

Абайсызда тайғанап, жарақат алғандар азаяр емес. Тіптен ес-түссіз зембілде жатқандар да кезегін күтуге мәжбүр мұнда.

Құлап, мертіккендерде есеп жоқ

Марат Бұхарбайұлы — №12 қалалық клиникалық орталық ауруханасының дәрігер-травматологы

«Сол себепті біз 2-ші бригаданы шақырдық, көмектесіп жатыр. Мұндай жағдай өте сирек болады, бүгін ерекше күн.Көбісі білезік сүйектері сынған, тобық, жамбас сүйектері сынғандар. Көбісі жолдың тайғанақтығының әсері».

Түске дейін-ақ қалада 200-ден астам кісі мұзға жығылып жарақат алған.

Жазатайым аяқ-қолын сындырып алғандар қаланың коммуналдық шаруашылығы басшыларын айыптайды.

Ақлима Жүнісова — қала тұрғыны:

«Қары жоқ жердің өзі мұз. Мұздар қатып қалған. Келе жаттым да былай құладым, сөмкем болса сынбайтын еді,бейнет енді».

Мұздың қалыңдығы 5 сантиметр жетпесе, құм себуге хақымыз жоқ

Анар Машарова — қала тұрғыны:

«Тайып жығылдым юстицияның алдында.Таксиден түстім де, Байзақованың алдында келе жатып құладым.Бері қарай такси тоқтамайды, жаяу келдім».

Дегенмен қалалық коммуналдық шаруашылық департаментінің басшылары қареткесіз.

Мұздың қалыңдығы 5 сантиметр жетпесе, құм себуге хақымыз жоқ деген уәж айтады.

Тазалық мекемесі талаптан аса алмай отырған шақта шаһарға жаңбыр жауып, жол апатын көбейтіп жіберді.

По сообщению сайта Nur.kz