Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

2011 жылы Қазақстанда 5 интеллектуалдық мектеп ашылады

Дата: 19 февраля 2011 в 07:30 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

2011 жылы Қазақстанда 5 интеллектуалдық мектеп ашылады

Қарағандыда 2011 жылы интеллектуалдық мектептің құрылысы басталады. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов тұрғындармен есептік кездесуі барысында хабарлады.

«Барлығы елде 5 интеллектуалдық мектеп салынады. Оның бірі — Қарағандыда. Құрылыс жұмыстарымен ҚР Білім және ғылым министрлігінің басқармасы айналысатын болады», — деді аймақ басшысы.

Оның айтуынша, интеллектуалдық мектептің құрылысын 2011 жылдың жазының аяқ кезінде бастау жоспарланып отыр.

Бұл оқу орны 720 орынға есептелген. Химия және биология саласы бойынша мамандандырылады.

Сыныптар қазіргі заман талаптарына сай жабдықтармен қамтамасыз етіледі, 120 орынға арналған интернат қарастырылған.

Ол мектепте өзге қалалар мен ауылдық аудандардың балаларына да білім алуына мүмкіндік береді.

Интеллектуалдық мектепке қабылдау байқау негізінде жүзеге асырылады

Интеллектуалдық мектепке қабылдау байқау негізінде жүзеге асырылады, деп атап өтті әкім.

«Әрине іріктеу болады. Біздің облыста шамамен 140 мың оқушы бар, ал мектепте орын тек 720. Менің ойымша, бұл оқу орнына ең үздіктер ғана түсе алады», — деп мәлімдеді С.Ахметов.

 

По сообщению сайта Nur.kz