Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақ ұлттық өнер университетінің ұжымы Амманда концерт берді

Дата: 19 февраля 2011 в 08:11 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қазақ ұлттық өнер университетінің ұжымы Амманда концерт берді

Амман қаласындағы «Әл-Хуссейн мәдениет орталығында» Иордания ханшайымы Рахмының ұйытқы болуымен Қазақ ұлттық өнер университетінің ұжымы және оның ректоры ҚР халық әртісі А.Мұсақожаеваның орындауымен үлкен концерт берілді.

Бұл мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығын атап өтуге, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын Иордания жұртшылығына насихаттау және ақпараттық қолдау таныту мақсатында және Қазақстан Республикасының 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалығына арналып ұйымдастырылған. Бұл туралы Елшіліктің таратқан баспасөз хабарламасынан мәлім болып отыр.

Концертке Иорданияның белгілі саяси, мәдениет және өнер қайраткерлері, сондай-ақ аталмыш елдегі дипломатиялық корпус, қазақстандық диаспора өкілдері қатысты.

Бұл мереке Иорданияның ұлттық телеарнасынан тікелей көрсетілді, журналистерге елші Б.Сәрсенбаев пен А.Мұсақожаева сұхбат берді.

Иорданияның «Петра» ақпараттық агенттігінде және бірқатар ірі газеттерде мақалалар жарық көрді. Сол күні Қазақтың ұлттық өнер университеті мен Иордандық музыка академиясы және Король Хусейн қорының ұлттық музыкалық консерваториясы арасында ынтымақтастық меморандумына қол қою рәсімі өтті.

Ағымдағы жылдың 15 ақпанында ҚР-ның Иорданиядағы елшісі резиденциясында өткен қонақасына корольдіктің танымал саяси және өнер қайраткерлерімен қатар осы елдегі бірқатар дипломатиялық миссиялардың басшылары қатысты.

Қонақтарға қазақстандық жас өнерпаздар өз өнерлерін сыйға тартты.

Сондай-ақ олар Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылы ішіндегі табыстары, Елбасының Жолдауы және 3 сәуірде Қазақстанда болатын Президенттік сайлау жөнінде жан-жақты хабардар етілді.

По сообщению сайта Nur.kz