Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Экологиялық заңды бұзушылар жазаланды

Дата: 19 февраля 2011 в 10:11

Экологиялық заңды бұзушылар жазаланды

Экологиялық залал келтірген компанияға айыппұл cалынды Қара алтын өндірумен айналысатын «Бозашы Оперейтинг ЛТД» компаниясы мемлекетке 606 миллион теңге көлемінде айыппұл төледі.

Маңғыстау облыстық табиғатты қорғау прокуратурасы жүргізген тексеріс нәтижесінде кен игерушілердің көп мөлшердегі ілеспе газды заңсыз жаққандары анықталды.

Елімізде кен игеріп жатқан мұнайгаз компаниялары әлі күнге Үкіметтің «Ілеспе газды ауаға таратпай, оны пайдаға асыру туралы» қаулысын толық орындамай отыр.

«Бозашы Оперейтинг ЛТД» компаниясы тиісті мекемелердің рұқсатынсыз аз ғана уақыт ішінде 165 миллион текше метр ілеспе газды жағып, қоршаған ортаға орасан зиян келтірген.

Еліміздің экологиялық кодексі мен мұнай туралы заңдарының талаптарын бұзған компания әкімшілік жазаға тартылды.

Жаңатай Есмұратов, Маңғыстау облыстық табиғатты қорғау прокуроры:

— Рұқсат қағазынсыз қоршаған ортаға шығарылған леспе газдың көлемі 165 млн куб метрді құрағаны анықталды. Алынған тексерістің негізінде облыстық «Жайық-Каспий» экологиялық департаментімен «Бозашы Оперейтинг ЛТД» компаниясына жалпы соммасы 606 млн 132 мың теңге мөлшерінде экологиялық залал есептелініп, 8 ақпан 2011 жылы аталған ақша суммасы толығымен мемлекетке өндірілді.

Қоршаған ортаға шығарылған леспе газдың көлемі 165 млн куб метрді құрағаны анықталды

Жалпы, былтыр аймақта улы зиянды заттарды ауаға таратқан 876 заң бұзушылық анықталған. Нәтижесінде 145 адам жауапқа тартылып, мемлекетке 1 млрд 187 млн теңге өндірілді. «Мұнайгаз компаниялары үшін ілеспе газды жақпай, оны қайта өңдеп, пайдаға асырудан гөрі, айыппұл төлеу тиімді. Сондықтан оларға қатысты экологиялық заңды күшейту қажет», дейді табиғатты қорғау прокурорлары.

По сообщению сайта Nur.kz