Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

«Ана мен бала» атты жаңа 20 саяжол-гүлзарлар тарту етіледі

Дата: 19 февраля 2011 в 10:11

«Ана мен бала» атты жаңа 20 саяжол-гүлзарлар тарту етіледі

Қазақстан әйелдері қауымдастығы ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына «Ана мен бала» атты жаңадан ашылатын 20 саяжол-гүлзарларды тарту етпек.

Бұл туралы бүгін «ҚазАқпарат» агенттігінің баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті.

Оның хабарлауынша, «Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына — «Ана мен бала» атты 20 саяжол-гүлзарлар» республикалық акциясы аясында еліміздегі перзентхана, балалар емханасы және тағы басқа әлеуметтік маңызы бар нысандардың жанынан «Ана мен бала» деп аталатын жаңа саяжайлар ашылатын болады.

Осы ауқымды іс-шараның бірінші кезінде үздік жобаға арнайы байқау ұйымдастырылады.

Екінші кезеңде жаңа саяжол-гүлзарларға арналған аумақ дайындалып, осы жерлерге ағаштар мен гүлдер отырғызылады.

«Акция бүгін, ақпанның 18-і күні басталып отыр.

Жаңа саяжол-гүлзарларға арналған аумақ дайындалып, осы жерлерге ағаштар мен гүлдер отырғызылады

Оның қорытындысын біз мамырдың 15-і күні — Халықаралық отбасы мейрамына орай шығаруды жоспарлап отырмыз. Осы кезде жаңа саяжол-гүлзарларды аббаттандыру жұмыстары басталмақ. Ал осы бастамаға халық қолдау білдіретін болса, біз бұл іс-шараны ары қарай жалғастыруға әзірміз», — дейді Г.Әбдіқалықова.

По сообщению сайта Nur.kz