Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері Павлодар облысы ауылдарының халқымен кездесті

Дата: 19 февраля 2011 в 11:40

ПАВЛОДАР. 19 ақпан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ — 17-18 ақпан күндері Павлодар облысында жұмыс істеген республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері Орлов, Назаров, Татьяновск және Шарбақты ауылдық округтерінің халқымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Шарбақты әкімдігінің ішкі саясат бөлімі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Егін шаруашылығы және фитосанитарлық қауіпсіздік департаментінің директоры Анна Куць республикамыздың ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше назар сала келе, Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауындағы негізгі бағыттар мен сол бағыттарды орындаудағы міндеттер жайлы айтып өтті.

Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Олег Дымов пен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Идият Әбдіқалықов Тереңкөл ауылында Қашыр ауданының белсенділерімен, ұйым және мекеме ұжымдарымен кездесу өткізді. Олар Тереңкөл ауылының тұрғындарымен де Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқыға салды.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы