Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Бүгін Қазақстанның солтүстік және оңтүстік бөлігінде қар жауады — Қазгидромет

Дата: 19 февраля 2011 в 11:41 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

АСТАНА. 19 ақпан. ҚазАқпарат — «Қазгидрометтің» болжауынша бүгін, 19 ақпан күні Қазақстанның солтүстік және оңтүстік бөлігіне атмосфералық ағымдар әсер етеді.

Аталмыш аумақтарда қар жауады, түнде оңтүстікте оның екпіні үдей түседі. Ал республиканың қалған бөлігі жоғары атмосфералық қысым белдеуінде болады.

Атап айтқанда, түнде Ақмола облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын жүріп, тұман мен 15-20 м/с екпінде жел күтілуде.

Алматы, Ақтөбе, Қостанай облыстарының жекелеген жерлерінде тұман, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей аумақтарда — тұман мен көктайғақ болуы ықтимал.

Гидрологиялық болжамдарға сәйкес, алдағы үш тәулікте Сырдария, Шу өзендері мен Алматы облысының өзендерінде температураның төмендеуіне байланысты мұз қату үрдісі күшейеді. Жекелеген өзендерде су деңгейінің ауытқуы байқалады. Республиканың солтүстігіндегі өзендерде (Жайық, Есіл, Нұра, Ертіс және т.б.) қысқы үрдістер сақталады.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы